< Акционерлiк қоғамдар туралы

Ст. 36 Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Акционерлiк қоғамдар туралы
36-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті

1. Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мына мәселелер жатқызылады:  

1) қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакциясында бекіту;  

1-1) осы кодекстi қабылдау қоғамның жарғысында көзделген жағдайда, корпоративтiк басқару кодексiн, сондай-ақ оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту; 

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда) корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне сәйкес корпоративтік басқару кодекстерін бекітеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-2) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;  

3) қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрiн өзгерту туралы шешiм қабылдау;  

3-1) қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін, сондай-ақ оларды өзгертуді айқындау; 

3-2) қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылдау; 

3-3) орналастырылған акциялардың бір түрін акциялардың басқа түріне айырбастау туралы шешім қабылдау, мұндай айырбастаудың шарттарын, мерзімдері мен тәртібін айқындау; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-4), 3-5) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4) есеп комиссиясының сан құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5) директорлар кеңесінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеудің және шығыстарын өтеудің мөлшері мен шарттарын айқындау;  

6) қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу;  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7) жылдық қаржы есептілігін бекіту;  

8) қоғамның есепті қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту;  

9) қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;  

9-1) қоғам акцияларының ерікті делистингі туралы шешім қабылдау;  

10) қоғамға тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы активтердің бір немесе бірнеше бөлігін беру (алу) арқылы қоғамның өзге де заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы не өзге де заңды тұлғалардың қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығуы туралы шешім қабылдау;  

11) (алып тасталды)

12) (алып тасталды)

13) акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы қоғамның акционерлерге хабарлау нысанын белгілеу;  

14) қоғам акцияларды осы Заңға сәйкес ұйымдастырылмаған нарықта сатып алған жағдайда олардың құнын белгілеу әдістемесіне өзгерістерді бекіту (егер оны құрылтай жиналысы бекітпесе, әдістемені бекіту);  

15) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;  

16) акционерлерге, егер мұндай тәртіп қоғамның жарғысында айқындалмаса, қоғам қызметі туралы ақпарат беру тәртібін айқындау;  

17) "алтын акцияны" енгізу және оның күшін жою; 

17-1) нәтижесінде акционерлік қоғам активтері баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан көп пайызы сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын (сатып алынуы немесе иелiктен шығарылуы мүмкiн) мәміле туралы шешімді қабылдау күніне құны оның активтері баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан көп пайызын құрайтын мүлікті нәтижесінде қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) ірі мәмілені қоғамның жасасуы туралы шешім қабылдауы; 

18) шешім қабылдау осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер.  

1-1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің жалғыз акционері құзыретінің ерекшеліктері "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақтың бірінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Осы баптың 1-тармағының 1-1), 2), 3) және 14) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмдерi қоғамның дауыс беретiн акцияларының жалпы санының айқын басым көпшілігімен, ал инвестициялық жекешелендiру қорын қайта құру нәтижесiнде құрылған қоғамда – қоғамның жиналыста өкiлдiк еткен дауыс беретiн акцияларының айқын басым көпшілігімен қабылданады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Егер осы Заңда және (немесе) қоғам жарғысында өзгеше белгiленбесе, акционерлердiң жалпы жиналысының өзге мәселелер бойынша шешiмдерi қоғамның дауыс беруге қатысушы дауыс беретiн акцияларының жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады. 

Акционерлердiң жалпы жиналысы орналастырылған акциялардың бір түрін акциялардың басқа түріне айырбастау бөлігінде осы баптың 1-тармағының 3-3) тармақшасында көрсетілген мәселе бойынша шешiм қабылдаған кезде артықшылықты акцияларды иеленетін акционердің құқықтарын шектеуі мүмкін шешім орналастырылған (сатып алынғандары шегеріле отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісі осындай шешім үшін дауыс берген жағдайда ғана қабылданды деп есептеледі. 

3. Егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шешім қабылдау акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді басқа органдардың, лауазымды адамдардың және қоғам қызметкерлерінің құзыретіне беруге жол берілмейді.  

4. Егер жарғыда өзгеше белгіленбесе, акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның ішкі қызметіне жататын мәселелер бойынша қоғамның өзге органдарының кез келген шешімінің күшін жоюға құқылы.  

Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 № 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 № 72-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...34‑1 35 36 37 38 ...91
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться