Ст. 76 Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025
Акционерлiк қоғамдар туралы
76-бап. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі
1. Атқарушы орган жыл сайын акционерлердiң жалпы жиналысына талқылау және бекiту үшiн аудитi Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет жөнiндегi заңдарына сәйкес жасалған өткен жылғы жылдық қаржылық есептiлiктi табыс етедi. Атқарушы орган қаржылық есептiлiктен басқа жалпы жиналысқа аудиторлық есептi табыс етедi. 2. алып тасталды.
3. Жылдық қаржылық есептілікті директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтетін күнге дейін отыз күннен кешіктірмей алдын ала бекітуге тиіс.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін түпкілікті бекіту акционерлердің жылдық жалпы жиналысында жүргізіледі.
4. Қоғам шоғырландырылған жылдық қаржылық есептiлiктi, ал еншiлес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiктi және аудиторлық есептi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен және мерзiмдерде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жыл сайын жариялауға мiндеттi.
Iрi мәмiле және (немесе) мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiле туралы ақпарат қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес жылдық қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазбада жария етiледi, сондай-ақ осы Заңда және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізіледі. Нәтижесінде қоғам активтері мөлшерінің он және одан да көп пайызы сомасына мүлік сатып алынатын не иеліктен шығарылатын мәміле туралы ақпаратта мәміленің тараптары, мәміленің мерзімдері мен талаптары, тартылған адамдардың қатысу үлесінің сипаты мен көлемі туралы, сондай-ақ мәміле туралы өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
Ескерту. 76-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.28 № 235(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 185-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы

город Астана, ул.Туркестан 2, выезд в регионы
Комментариев: 28
Всего

Караганда; Нур-Султан (Астана)
Всего

Всего
London
Всего
Всего
Новые комментарии на сайте
Гость
04.03.25 17:39:12
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
Гость
23.02.25 00:57:43
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Гость
21.02.25 16:53:27
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей