Ст. 1 Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау тура 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 521-IV
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 1) тармақшасында аталған адамдар – қылмыс жасаған кезiнде он сегiз жасқа толмаған адамдар;
2) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 2) тармақшасында аталған адамдар:
осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге жүктi әйелдер;
осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге ата-ана құқықтарынан айырылмаған және он сегiз жасқа толмаған балалары, оның iшiнде асырап алған не қорғаншылыққа және (немесе) қамқоршылыққа алған балалары бар не қамалғанға және сотталғанға дейін асырауында жастарына қарамастан І және ІІ топтардағы мүгедек балалары болған әйелдер;
осы Заң қолданысқа енгiзілетін кезге кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын және ата-ана құқықтарынан айырылмаған ер адамдар;
3) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 3) тармақшасында аталған адамдар – осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен I, II және III топтағы мүгедектер деп танылған адамдар;
4) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 4) тармақшасында аталған адамдар – осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн елуге толған және одан жоғары жастағы әйелдер, алпыс үшке толған және одан жоғары жастағы ер адамдар;
5) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 5) тармақшасында аталған адамдар – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
6) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 6) тармақшасында аталған адамдар – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, оның ішінде бұрынғы КСР Одағының, әскери немесе интернационалдық борышын атқару кезінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілерінің басқа тіркелген некеге тұрмаған жесірлері, сондай-ақ соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген адамдардың әйелдері.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей