< Демпингке қарсы шаралар туралы

Ст. 22 Демпингке қарсы шаралар туралы


Утратил силу

Демпингке қарсы шаралар туралы
22-бап. Материалдық залалды немесе оны келтiру қаупiнiң болуын белгiлеу

1. Демпингтiк тауар беру салдарынан отандық өндiрушiлерге материалдық залал келтiру фактiсiн немесе оны келтiру қаупiн уәкiлеттi орган анықтайды Демпингтiк тауар беру мен отандық тауар өндiрушiлерге материалдық залал келтiрудiң немесе оны келтiру қаупiнiң арасындағы себеп-салдарлы байланысты анықтау үшiн уәкiлеттi орган бұған мүдделi тұлғалар берген нақты деректердi пайдаланады. 2. Уәкiлеттi орган қаралып отырған кезеңде әрекет еткен және отандық өндiрушiлерге материалдық залал келтiрген басқа да белгiлi (демпингтiк тауар беруден басқа) факторлардың ықпалын зерделейдi. Факторларға демпингтiк бағамен сатылмаған берiлетiн тауардың көлемi мен бағасы, сұранымның азаюы немесе тұтыну құрылымындағы өзгерiстер, шектейтiн сауда практикасы мен шетелдiк және отандық тауар өндiрушiлер арасындағы бәсеке, технологиялық жетiстiктер, сондай-ақ экспорттың нәтижелерi мен отандық өндiрiстердiң өнiмдiлiгi жатады. Бұл орайда анықталған материалдық залал демпингтiк тауар беру нәтижесiнде туған деп саналмауға тиiс. 3. Уәкiлеттi орган демпингке қарсы iстi қараудың нысанасы болып табылатын тауарды тұтынушыларға және тұтынушылар ұйымдарының өкiлдерiне тауар бөлшек саудада сатылған жағдайларда демпингке, материалдық залалға немесе оның қаупi төнуiне және себеп-салдарлы байланысқа қатысты iстiң қаралу мақсаты үшiн ақпарат алуға мүмкiндiк беруге тиiс. 4. Демпингтiк тауар беруден отандық өндiрушiлерге төнген материалдық залал қаупiн уәкiлеттi орган мынадай факторларды: 1) демпингтiк тауарды iшкi рынокқа берудiң үдемелi, тауар берудiң одан әрi ұлғаю ықтималдығын көрсететiн өсу қарқындарын; 2) өнiм берушiде жеткiлiктi экспорттық мүмкiндiктер болуына немесе Қазақстанға демпингтiк тауар берудiң одан әрi едәуiр ұлғаю ықтималдығын көрсететiн экспорттық мүмкiндiктерiнiң едәуiр ұлғаюы сөзсiз екенiне талдау жасауға сүйенiп негiздеуге тиiс. Бұл орайда басқа экспорттық рыноктардың қосымша тауар берудiң жорамалданған көлемiн сiңiрiп алу мүмкiндiгi ескерiледi; 3) iшкi рынок бағасының едәуiр төмендеуiне немесе оған қысым жасалуына ықпал ете алатын және қосымша тауар беруге сұранысының артуына әкеп соғатын бағалар бойынша тауар берудi; 4) демпингке қарсы iстi қарау өткiзiлiп жатқан экспорт және (немесе) өндiрiс елiндегi тауар қорларын талдай отырып негiздеуге тиiс.
Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...43
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться