< Демпингке қарсы шаралар туралы

Ст. 30 Демпингке қарсы шаралар туралы


Утратил силу

Демпингке қарсы шаралар туралы
30-бап. Демпингке қарсы уақытша шаралар енгiзу

1. Уәкiлеттi орган демпингтiң және материалдық залал келтiрiлуiнiң немесе оны келтiру қаупiнiң болуы туралы алдын ала ұйғарым шығарғаннан кейiн барлық мүдделi тұлғалар мен олардың елдерiнiң ресми органдарына демпингке қарсы уақытша шараларды қолдану ниетi туралы хабарлама жiбередi. Iстi қарауға тартылған мүдделi тұлғалар хабарлама алғаннан кейiн жиырма күн iшiнде демпингке қарсы уақытша шаралар қолданудың негiздемесi жөнiнде жазбаша ескертпелер беруге құқылы, оларды уәкiлеттi орган назарға алады немесе оның демпингке қарсы уақытша шаралар енгiзу туралы қорытындысы дайындалған кезде қабылдамай тастайды. 1-1. Осы Заңның құпия ақпаратқа қойылатын талабын ескере отырып, демпингке қарсы уақытша шараларды енгiзу туралы хабарлама:

өнiм берушiлердiң не, егер iс жүзiнде бұл мүмкiн болмаса, тиiстi өнiм берушi елдердiң атауын;

кедендiк мақсаттар үшiн тауардың жеткiлiктi сипаттамасын;

белгiленген демпингтiк айырманы және осы Заңның 3-тарауына сәйкес экспорттық баға мен қалыпты құнды белгiлеу және салыстыру үшiн пайдаланылған әдiснаманың негiздемесiн;

осы Заңның 4-тарауына сәйкес залалдың бар екенiн белгiлеуге қатысты уәкiлеттi органның пiкiрiн;

демпингке қарсы уақытша шараларды қолданудың негiзгi дәлелдерiн қамтуға тиiс. 2. Демпингтiң және ол келтiретiн материалдық залалдың немесе оны келтiру қаупiнiң болуы туралы уәкiлеттi орган шығарған алдын ала ұйғарымның негiзiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi демпингке қарсы уақытша шаралар енгiзу туралы шешiм қабылдайды: 1) онда тауарды берушiлердiң немесе тауар әкелiнетiн елдердiң атауы; тауардың (кедендiк мақсаттар үшiн жеткiлiктi) сипаттамасы; демпингке қарсы уақытша баждың ставкасы және оның қолданылу мерзiмдерi болуға тиiс; 2) ол ресми басылымдарда жариялануға тиiс. Жарияланымда уақытша шараларды қолданудың негiзгi дәлелдерi; демпингтiң белгiленген мөлшерi және есеп айырысудың қолданылып жүрген әдiстемесi; материалдық залалды бағалаудың өлшемi қамтылуға тиiс. Жарияланымда құпия ақпарат болмауға тиiс. 3. Демпингке қарсы уақытша шаралар демпингтiк тауар импортына iстiң қаралуы басталған кезден кем дегенде алпыс күннен кейiн қолданылуы мүмкiн.

Егер демпингке қарсы уақытша баждың шамасы алдын ала есептелген демпинг айырмасының мөлшерiне тең болса, демпингке қарсы уақытша баждың қолданылу мерзiмi, осы мерзiм iстi қарау объектiсi болып табылатын демпингтiк тауардың берiлетiн көлемiндегi үлесi елеулi бөлiктi құрайтын экспорттаушылардың өтiнiшi негiзiнде уәкiлеттi органның шешiмi бойынша алты айға дейiн ұзартылатын жағдайды қоспағанда, төрт айдан аспауға тиiс.

Егер, демпингке қарсы уақытша баждың ставкасы алдын ала есептелген демпинг айырмасынан аз болса, демпингке қарсы уақытша баждың қолданылу мерзiмi, осы мерзiм iстi қарау объектiсi болып табылатын демпингтiк тауардың берiлетiн көлемiндегi үлесi елеулi бөлiктi құрайтын экспорттаушылардың өтiнiшi негiзiнде уәкiлеттi органның шешiмi бойынша тоғыз айға дейiн ұзартылатын жағдайды қоспағанда, алты айдан аспауға тиiс. 4. Қазақстан Республикасының кеден органдары демпингке қарсы уақытша шараларды Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң оларды тиесiлi ақша сомаларын депозитке енгiзу арқылы демпингке қарсы уақытша баж нысанында және (немесе) Қазақстан Республикасы банкiнiң кепiлдiгi түрiнде қолдану туралы шешiмi күшiне енгiзiлгеннен кейiн оның аумағына еркiн айналысқа жiберiлген немесе шығарылған демпингтiк тауар импортына қолданады. Бұл орайда демпингке қарсы уақытша шараларды қолдану нысанын өнiм берушiнiң өзi таңдап алады. Демпингке қарсы уақытша баж Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындайтын тәртiппен өндiрiлiп алынады.

Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.09 N 114, 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 6-тарау. Демпингке қарсы iстi қараудың аяқталуы
Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...43
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться