< Демпингке қарсы шаралар туралы

Ст. 8 Демпингке қарсы шаралар туралы


Утратил силу

Демпингке қарсы шаралар туралы
8-бап. Демпингтiң болуы және материалдық залал келтiру немесе оны келтiру қаупi фактiсiн тексеру туралы арыз

1. Демпингтiң болуы және материалдық залал келтiру немесе оны келтiру қаупi фактiсiн тексеру туралы арызды отандық өндiрушiлер немесе олардың бiрлестiктерi уәкiлеттi органға жазбаша нысанда бередi. 2. Арызда мынадай деректер болуға тиiс: 1) арыз берушiнiң, арыз берушiлердiң (бұдан әрi - арыз берушi) реквизиттерi, арыз берушiнiң тауар өндiру туралы деректерi (көлемi мен құны), сондай-ақ арыз берушiге белгiлi отандық өндiрушiлердiң ұқсас тауар өндiруi туралы деректер; 2) тауардың сипаттамасы, экспорттаушы немесе шығарушы елдiң атауы, осы тауарды белгiлi шетелдiк экспорттаушылардың немесе өндiрушiлердiң, импорттаушылардың тiзбесi; 3) сол тауардың шығарылған немесе экспорттаған елдердегi рыноктарда сатылатын бағасы, экспорттық баға, сондай-ақ ұқсас тауардың iшкi рыноктағы бағасы туралы ақпарат; 4) демпингтiк тауар беру көлемiнiң үдемелiлiгi оның ұқсас тауардың iшкi рыноктағы бағасына ықпалы және сондай тауар берудiң салдары. 2-1. Демпингке қарсы iстi қарау рәсiмiнiң басталуы туралы шешiм қабылдау және дәлелдемелердiң жеткiлiктiлiгiн айқындау мақсатында уәкiлеттi орган арызда көрсетiлген мәлiметтердiң анықтығы мен дәлдiгiн зерделейдi. 3. Егер уәкiлеттi орган мәлiметтер 8-баптың 2-тармағында көзделгенге сай жеткiлiктi деп танып, ол туралы арыз берушiге жазбаша нысанда хабарласа, арыз қабылданған болып есептеледi. Егер уәкiлеттi орган мәлiметтердi жеткiлiксiз деп есептесе, ол арыз алынған күннен бастап он күн мерзiмде бұл жөнiнде арыз берушiге хабарлап, оның өз арызын өзгертуiне немесе толықтыруына мүмкiндiк беруге тиiс.

Егер арыз берушi өз арызын өзгертсе немесе толықтырса, арыздың қаралу мерзiмi толықтырулар немесе өзгерiстер алынған күннен басталады. 4. Отандық өндiрушiлердiң арызы бойынша демпингке қарсы iстi қарау рәсiмiнiң басталуы үшiн уәкiлеттi органның бұл арыз бойынша өз пiкiрiн бiлдiргендердiң үлесiне отандық өндiрушiлердiң тауар өндiру көлемiнiң елу проценттен астамы келетiнiн анықтауы мiндеттi талап болып табылады. Бұл пiкiрлер "жақтайтын", "қарсы" болуы, сондай-ақ өзiнiң айқын көзқарасын бiлдiрмеуi мүмкiн. Бұл орайда арызды қолдайтын отандық өндiрушiлер өндiрген тауардың үлесiне қазақстандық өндiрушiлер өндiрген барлық ұқсас тауарлардың жиырма бес проценттен астамы келедi.

Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.09. N 114 Заңымен.
Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...43
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться