< Автомобиль көлiгi туралы

Ст. 21 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Автомобиль көлiгi туралы
21-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру

1. Егер: 

1) автомобиль жолдарының өткiзу қабiлетi белгiлi бiр маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың тұрақты жүрісін жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе; 

2) автомобиль жолдарының жай-күйi және жайластырылуы жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес келсе, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау ұйымдастырылуы мүмкiн. 

2. Халықаралық тасымалдауларды қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауларды көрсетілген жолаушылар мен багажды тасымалдаулар маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурста жеңiп алған және тасымалдаушылар мен тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар не уәкілетті ұйымдар арасында жасалатын шарттар негiзiнде оларға қызмет көрсету құқығына куәлік алған тасымалдаушылар жүзеге асырады. 

3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттары тасымалдаушылар арасында конкурстық негiзде бөлiнедi. Конкурсқа жеке маршрут та, бiр лотпен бiрнеше маршрут та қойылуы мүмкiн. 

4. Жолаушылар мен багажды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ауданішілік және халықаралық тұрақты тасымалдаулар тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкiмшiлiктері арасында жасалатын шарттар негiзiнде автовокзалдардан, автостанциялардан немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінен ғана жүзеге асырылады. 

Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшіліктері қызметтің осы түрiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жіберілген жолаушылар мен багажды тасымалдаушылармен шарт жасасудан бас тартуға құқылы емес. 

4-1. Жол жүру құжаттары (билеттер) электронды түрде сатылған кезде автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшіліктері жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатудың тасымалдаушы таңдаған ақпараттық жүйесі арқылы тасымалдаушының маршруттарына жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды қамтамасыз етуге міндетті. 

5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар автобустарды, троллейбустарды, шағын автобустарды рейс алдында (ауысым алдында) техникалық қарап тексерудi және олардың ақауы болған жағдайда уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге мiндеттi. 

6. Егер жолаушылар мен багажды тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына бір ғана қатысушының өтінімі берілсе, онда конкурс өткізілмеді деп танылады. Егер конкурсты қайта өткізу кезінде осы маршрутқа бір қатысушының өтінімі берілсе, онда конкурс талаптарына сай келген жағдайда, онымен шарт жасалады. 

7. Маршрутқа (маршруттарға) қызмет көрсету құқығын үшінші тарапқа беруге жол берілмейді. 

Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...19‑18 20 21 21‑1 22 ...55
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться