Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2024

Автомобиль көлiгi туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  

1) авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі (бұдан әрі – шұғыл шақыру жүйесі) – шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерге Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы қалыптасқан ақпаратты беруді қамтамасыз ететін, навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары мен деректерін пайдалана отырып жұмыс істейтін мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйе; 

1-1) автобус – жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған автомобиль көлiгі құралы; 

2) автовокзал - жолаушылар легi тәулiгiне бес жүзден астам адам болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргiзушiлерiне қызмет етуге арналған және оған: жетпiс бестен астам адам сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделi ғимарат, жүргiзушiлердi медициналық куәландыру және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттерi, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсiруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, автобустарды қарау посттары, диспетчерлiк пункттер және ана мен бала бөлмесi кiретiн, кемінде бес мың шаршы метр аумақта орналасқан құрылыстар кешенi; 

2-1) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері көрсететін қызметтер – жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды қамтамасыз етуге байланысты автовокзалдарда, автостанцияларда және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет; 

3) автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану - автокөлiк құралдарын қауiпсiз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар, техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет ету, жөндеу) кешенi; 

3-1) автоматтандырылған өлшеу станциясы – метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелерін және жүру жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптар мен жабдықтардың зияткерлік көлік жүйесімен интеграцияланған кешені; 

4) автомобиль көлiгi – қызмет аясы автокөлiк құралдары мен инфрақұрылымды пайдалана отырып, жолаушылар, багаж, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылатын экономика саласы; 

5) автомобиль көлігі инфрақұрылымы – тасымалдау процесінің үздіксіздігін, сондай-ақ автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін құрылыстар (автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, жүк терминалдары, автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу станциялары (шеберханалары), автокөлік құралдарын сақтауға арналған құрылыстар) кешені; 

6) автомобиль көлігі құралы (бұдан әрі – автокөлік құралы) – автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, троллейбустарды, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ арнайы бейімделген автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдерді (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын, автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі; 

6-1) автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станциясы – автомобиль көлігі құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған, осы мақсаттар үшін зияткерлік көлік жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін өлшеу құралы, стационарлық типтегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы ұтқыр таразылар бар стационарлық немесе ауыспалы пункт; 

6-2) автомобиль көлігі құралдарының салмағын өлшеу станциясының операторы – автомобиль көлігі құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға; 

7) автомобильмен тасымалдау – автомобиль жолдары арқылы автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылатын жолаушылар, багаж, жүктер және пошта жөнелтілімдері тасымалы; 

8) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 

9) автостанция - жолаушылар легі тәулігіне бес жүз адамнан аз болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргізушілеріне қызмет етуге арналған және оған: жетпіс бес адамға дейін сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимарат, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, диспетчерлік пункттер кіретін, кемінде екі жарым мың шаршы метр аумақта орналасқан құрылыстар кешені; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

9-1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-1) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі – клиенттердің тапсырыстарын өңдеуге және оларды таксимен тасымалдаушының орындауына, оның ішінде аппараттық-бағдарламалық кешенді және (немесе) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын қолдана отырып беруге арналған, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы болып табылатын тасымалдаушы немесе өзге де тұлға құратын қызмет; 

9-2) алып тасталды – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

9-3) әлеуметтiк маңызы бар тасымалдаулар – қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жағдайына әсер ететiн және тарифтердің қолжетiмдi деңгейi мен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркiн қозғалу мүмкiндiгін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынаста жолаушыларды тасымалдаулар; 

10) багаж - Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген нормалар шегінде, буылып-түйілген және автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксимен тасымалданатын жолаушы мүлкі; 

10-1) бөлінбейтін жүк – тасымалдау кезінде мақсатын өзгертпей, шамадан тыс шығындарсыз немесе оның бүліну тәуекелінсіз екі немесе одан көп бөлікке бөлуге болмайтын ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүк; 

11) жеңіл автомобиль - жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орны сегізден аспайтын автокөлік құралы; 

12) жолаушы - автомобильмен тасымалдауға жасалған шарт негізінде немесе өзге де заңды негізде тасымалдаушы көрсететін қызметтерді пайдаланатын жеке тұлға; 

12-1) жолаушылар агенттігі – жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеуге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін, тасымалдаушымен арадағы шарт негізінде өзінің сату пункттері арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату жөнінде қызметтер көрсететін тұлға; 

12-2) жолаушыларға қызмет көрсету пункті – жол жүру құжаттарын (билеттерді) және багаж түбіртектерін сату үшін, автокөлік құралдарының қауіпсіз аялдауына, жолаушыларды отырғызуға, түсіруге арналған алаңмен және жолаушыларды әртүрлі ауа райы жағдайларынан қорғауға арналған ғимаратпен жабдықталған, автовокзалдары немесе автостанциялары жоқ елді мекендерде жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған объект; 

13) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау – тұрақты тасымалдауға жатпайтын, белгіленген тәртіппен берілген лицензиялары бар тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып жүзеге асыратын тасымалдаулар; 

14) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау - тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалана отырып, алдын ала келісілген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттері, жолаушылар отырғызу және түсіру пункттері белгіленген қозғалыс кестелері бойынша жүзеге асыратын тасымалдар; 

15) жолдама парақ – жүргізуші мен автокөлiк құралының жұмысын есепке алуды жүргізу мен бақылауға арналған қағаз немесе электрондық-цифрлық нысандағы құжат; 

15-1) жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу арқылы жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат; 

16) жүк алушы - жүкті автомобильмен тасымалдау шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде жүк алуға уәкілетті жеке немесе заңды тұлға; 

17) жүк жөнелтуші - оның атынан жүк жөнелту ресімделетін жеке немесе заңды тұлға; 

17-1) жүктер – Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес тасымалдауға қабылданған мүлік; 

17-2) интеллектуалды көлік жүйесі – жол жүрісін және тасымалдау қызметін басқаруды, мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелердің, оның ішінде автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі және жол жүрісі саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптары мен жабдықтарының кешені; 

18) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі – автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне байланысты құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, өңдеуді және сақтауды және осындай құжаттар туралы қалыпқа түсірілген ақпаратты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мен тасымалдау процесіне қатысушыларға беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе; 

18-1) көліктік бақылау бекеті – арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткізу пункті; 

18-2) қоғамдық көлік – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын, көпшілік пайдаланатын көлік, сондай-ақ такси; 

19) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

20) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

21) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

22) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

23) қол жүгi - салмақ және көлем өлшемдерi Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн, жолаушының автобус, шағын автобус немесе такси салонында тасымалдайтын жеке заттары; 

23-1) алып тасталды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

23-2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

23-2) сервис орталығы (шеберхана) – тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

23-3) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

23-3) сертификаттау орталығы – 1970 жылғы Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Европа Келісімі (ЕСТР) ережелеріне сәйкес электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды цифрлық сертификаттауды жүзеге асыратын заңды тұлға;  

23-4) сервис орталығы (шеберхана) – тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 

23-5) сертификаттау орталығы – 1970 жылғы Халықаралық автомобиль тасымалын жүргізетін автокөлік құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропалық келісім (ЕСТР) ережелеріне сәйкес электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды цифрлық сертификаттауды жүзеге асыратын заңды тұлға; 

23-6) спутниктік навигация аппаратурасы – автокөлік құралына жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары арқылы оның ағымдағы орналасқан жерін, жүру бағыты мен жылдамдығын айқындау, қосымша борт жабдығымен деректер алмасу үшін, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы ақпарат алмасу үшін орнатылатын аппараттық-бағдарламалық құрылғы; 

24) алынып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

25) такси - Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және бағалық тасымалдау ережелерiне сәйкес жабдықталған, жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауға арналған жеңiл автомобиль; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

25-1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

25-1) таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасы – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында пайдаланылатын және ұялы байланыс қызметтері немесе Интернет арқылы таксиге тапсырыс беруге және көлік құралын экипажымен қоса жалға алуға қолжетімділік беретін бағдарламалық өнім; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

25-2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

25-2) таксимен тасымалдаушы – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға; 

25-3) таксометр – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау құнын (бағасын) есептеуге арналған құрылғы; 

25-4) тахограф – жүргiзушiлердiң еңбек пен демалыс режимiн тiркейтін механикалық не электрондық (цифрлық) бақылау құрылғысы; 

26) алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV Заңымен;

27) уәкiлеттi орган – автомобиль көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

28) халықаралық автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушылар әр түрлi мемлекеттер аумағында орналасқан мекендер арасында жүзеге асыратын тасымалдар; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

28-1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

28-1) халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесі – автокөлік құралдарының орналасқан жерін айқындауды, сондай-ақ сәйкестендіру құралдарының тұтастығын қамтамасыз ететін навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары мен деректерін пайдалана отырып жұмыс істейтін ақпараттық жүйе; 

29) шағын автобус - жасаушы завод жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, отыратын орны он алтыдан аспайтын етiп көздеген, ерекше шағын сыныптағы автобус; 

30) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтер – Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында жол-көлік оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсететін қызметтер; 

31) алып тасталды – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

32) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

32) электрондық сәйкестендіргіштер (навигациялық пломбалар) –автокөлік құралының қозғалыс маршруты, сондай-ақ құрылғының сақталуы (ашылуы) туралы ақпаратты халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесіне беруді қамтамасыз ететін құрылғылар. 

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.06 № 209, өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 26.06.2020 № 348-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2022 № 174-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 ...55

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные


Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные


Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер


На данный момент я учусь в 11 классе на территории Республики Казахстан. Так как наша школа находится в аварийном состоянии последние два года, нам пришлось учиться в другой школе в три смены. Уроки проводились по 30 минут в день — с 15:00 до 19:00, поэтому нам добавили занятия в субботу, чтобы закрыть пробелы в учебе.

С середины первой четверти нас перевели в нормальную школу, в которой организовали двухсменное обучение для нашей школы. Тем не менее образование хромает, так как я учусь в гуманитарном классе. Половина класса поступает на юриспруденцию, в том числе и я. Вместо того чтобы проводить урок «Основы права», который является профильным на ЕНТ, у нас добавили урок «Основы бизнеса». Как в такой ситуации мы должны сдавать ЕНТ, если этот профильный предмет у нас банально не преподается?

Большинство учащихся класса ходят на дополнительные курсы и подготовку к ЕНТ, и все уже подстроили свое расписание под уроки с 14:00 до 19:00. Однако совсем недавно, чтобы дети отдыхали в субботу, у нас ввели «нулевой» урок, который проводится каждый день с 13:20.

Лично я физически не успеваю на эти уроки, так как у меня ежедневно курсы, а в некоторые дни — тренировки. Я живу относительно далеко от школы и не успеваю. Но учителей это не волнует. Самый принципиальный из них заставляет нас каждый раз писать объяснительную записку, когда мы пропускаем его «нулевой» урок.

Только вчера я решил посетить «нулевой» урок, кое-как успев, не обедая, но учитель по НВП не пришел, потому что забыл про нас.

Теперь хочу узнать, насколько это законно. Обязан ли я писать объяснительную записку? Какими правовыми актами можно руководствоваться для защиты своих прав?

Заранее спасибо.


в каком документе указано, что родители, обучающихся в 1-4 классах, обязаны привести и забрать ребенка из рук в руки классному руководителю? подскажите


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться