< Энергия үнемдеу туралы

Ст. 1 Энергия үнемдеу туралы


Утратил силу

Энергия үнемдеу туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:



1) жаңартылатын энергия көздерi - табиғи жаратылыс процестерi есебiнен үздiксiз жаңартылатын энергия көздерi: күн сәулесiнiң энергиясы, жел энергиясы, қуаты отыз бес мегаватқа дейiнгi қондырғыларға арналған гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жер асты суларының, өзендердiң, су айдындарының жылуы, сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендiк көздерi: биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру үшiн пайдаланылатын органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отын;



2) қайталама энергетика ресурстары - негiзгi өндiрiстiң iлеспе өнiмi немесе қалдығы ретiнде алынатын энергетика ресурстары;



3) отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiнiң көрсеткiшi - белгiлi бiр өнiмге, жұмыстарға және қызметтер көрсетуге отын мен энергияның үлестiк шығыстарының нормативтер мен стандарттарда регламенттелетiн шамасы;



4) отын-энергетика ресурстарын тиiмдi пайдалану - техника мен технологиялардың қазiргi даму деңгейi және сонымен бiр мезгiлде қоршаған ортаға техногендiк әсердiң азаюы кезiнде отын-энергетика ресурстарын пайдаланудың жоғары нәтижелi, техникалық жағынан мүмкiн болатын, экономикалық жағынан ақталған тиiмдiлiгiне қол жеткiзу;



5) отын-энергетика ресурстарының өнiмсiз шығыстары - жаңадан iске қосылған жабдық үшiн стандарттардың (техникалық шарттардың) талаптарынан ауытқудан, нормативтiк актiлердiң, технологиялық регламенттердiң және қолданыстағы жабдыққа арналған паспорттық деректердiң талаптарын бұзудан туындаған отын мен энергия шығасылары;



6) отын-энергетика ресурсы - техника мен технологиялардың қазiргi даму деңгейiнде пайдаланылатын немесе ұтымды пайдаланылуы мүмкiн энергия көзi;



7) шартты отын - органикалық отынның әрқилы түрлерiнiң жылу құндылығын салыстыру үшiн қызмет ететiн, техникалық-экономикалық есеп-қисаптар кезiнде қабылданған және нормативтер мен стандарттарда регламенттелетiн бiрлiк;



8) экологиялық жағынан таза энергетикалық ресурстар - күн, жел, жер асты жылы сулардың, жер жылуы энергиясының, судың, толқынның қозғалыстағы ағындары энергиясының көздерi;



9) энергия үнемдеу - отын-энергетика ресурстарын ұтымды және үнемдi пайдалануға бағытталған (ұйымдастырушылық, ғылыми, практикалық, ақпараттық) қызмет;



10) энергия үнемдеу объектiлерi - отын-энергетика ресурстарының, жылу және электр энергиясының барлық түрлерiн шығаруға, өңдеуге, тасымалдауға, өндiруге, сақтауға және пайдалануға байланысты процестер;



11) энергия үнемдеу саласындағы саясат - энергия үнемдеу саласындағы қызметтi құқықтық, ұйымдық және қаржы-экономикалық жағынан реттеу;



12) энергия үнемдеу технологиялары, жабдығы және материалдары - қол жеткен деңгеймен салыстырғанда отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн технологиялар, жабдық пен материалдар.

  Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2009.07.04. N 166-IV Заңымен.
Статья 1 2 3 ...20
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться