Ст. 6 Жеке тұрғын үй құрылысы туралы 1994 жылғы 3 қарашадағы N 213
Жеке тұрғын үй құрылысы туралы
6-бап. Қоныс учаскесiндегi жылжымайтын мүлiктi меншiктену құқығы
Меншiктенушi қоныс учаскесiндегi жеке тұрғын үй мен басқа да жылжымайтын мүлiктi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiнiң қалауына қарай иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқылы. Қоныс учаскесiндегi жылжымайтын мүлiктi меншiктену құқығы осы учаскенi иеленушiге ғана тиесiлi бола алады.Құрылыс салушының жеке тұрғын үйге меншiк құқығы оның құрылысты аяқтаған кезiнен бастап пайда болады және белгiленген үлгiдегi куәлiкпен расталады.
Жеке тұрғын үй құрылысы аяқталғанға дейiн оның салынып бiткен бөлiгiне жылжымайтын мүлiк пен осы мүлiк жасалған материалдарға меншiк құқығы туралы ереже қолданылады.
Меншiктенушi қоныс учаскесiндегi үйдi және басқа да жылжымайтын мүлiктi қайта құруға, қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға құқылы, бұл орайда құрылыс жөнiндегi және өзге де мiндеттi қалыптар мен ережелер бұзылмауы керек. Құрылыстарды қайта салуға, қайта жоспарлау мен қайта жабдықтауға байланысты қайта жаңарту құрылыс қалыптары мен ережелерiн сақтау бөлiгiнде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының сәулет-қала құрылысы қызметiмен келiсiлген жоба бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.07.14 N 158, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей