< Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы

Ст. 62 Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы
62-бап. Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының құзыреті

1. Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары: 

1) өз құзыреті шегінде Мемлекеттік шекараны қорғау үшін жағдайлар жасауға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді шығарады; 

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін шекаралық кеңістіктегі ахуалға қатысы бар мәселелер бойынша хабардар етеді; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік шекараны қорғау және күзету мұқтажы үшін жер учаскелерін береді; 

4) Мемлекеттік шекараны қорғауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарға көмек көрсетеді, олардың ұсынуларын және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ден қою актілерін қарайды және орындайды; 

4-1) шекара кеңістігінде құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі алып қойған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады; 

5) Қазақстан Республикасының шекаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешу үшін осы Заңның, Мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың орындауын үйлестіру функцияларын (өз аумақтарында) жүктей отырып, жауапты лауазымды адамдарды тағайындайды және шекара маңы аудандарының (қалаларының) әкімдіктері жанынан құрылатын шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңестерінің қызметін ұйымдастырады; 

6) азаматтардың Мемлекеттік шекараны қорғауға ерікті негізде қатысуы үшін жағдайлар жасайды; 

7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

1-1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді. 

1-2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын аулау мақсатында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру туралы хабардар ету тәртібін әзірлейді және бекітеді. 

2. Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді. 

Ескерту. 62-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 25.04.2016 № 505-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...60 61 62 63 64 ...80
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться