Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 230 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
230-бап. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу

1. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы –  

үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы – 

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру жөніндегі дерекқорға ақпарат беру жөніндегі талаптарды орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан көрінген, Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарын бұзуы – 

үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндетті сақтандыру шартын Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарында айқындалғаннан өзгеше сақтандыру сомаларының мөлшерлерін белгілеуден көрінген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін шарттарда жасасуы – 

сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде, бірақ бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндетті сақтандыру шартын Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарында айқындалғаннан өзгеше сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлерін белгілеуден көрінген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін шарттарда жасасуы, сол сияқты сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезінде коэффициенттерді қате (негізсіз) қолдануы–  

сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде, бірақ бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 

6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндетті сақтандыру шартын сақтандыруға жатпайтын объектілерді міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандырудан көрінген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін шарттарда жасасуы –  

сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде, бірақ бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 

7. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 230-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...228 229 230 231 232 ...920

Перейти к статье
Добавить комментарий
Коментарии пользователей

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?

0   0


Рекомендованные страницы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 612-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 593-бап. Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 505-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою... Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 610-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келг...





Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться