< Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы

Ст. 73 Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Инновациялық технологиялар паркі инновациялық кластері туралы
73-бап. Қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану

1. Мемлекеттік шекараны қорғау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері: 

1) Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруге және қарулы шабуыл жасауға тойтарыс беру, Мемлекеттік шекарада қарулы арандатудың жолын кесу үшін; 

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелеріне, Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына қарулы шабуыл жасауға тойтарыс беру үшін; 

3) Мемлекеттік шекараны кесіп өткен немесе кесіп өтетін және қарулы немесе өзге де қарсылық көрсететін адамдарға, суүсті, суасты кемелеріне, әуе кемелеріне, ұшу аппараттарына, оның ішінде пилотсыз әуе кемелеріне және мұз үстімен жылжитын құралдарға, сондай-ақ өзге де көлік құралдарына қарсы; 

4) суүсті, суасты кемелері, әуе кемелері, ұшу аппараттары, оның ішінде пилотсыз әуе кемелері және мұз үстімен жылжитын құралдар, сондай-ақ өзге де көлік құралдары тоқтату немесе бағытты өзгерту туралы талаптарды орындамаған жағдайда, осы бұзушылықтың тоқтатылуын немесе оларды ұстауды басқа да құралдармен жүзеге асыру мүмкін болмағанда, оларды бүлдіру жолымен тоқтату (қозғалысын немесе ұшуын тоқтату) үшін; 

5) суүсті, суасты кемелерін, әуе кемелерін, ұшу аппараттарын, оның ішінде пилотсыз әуе кемелерін және мұз үстімен жылжитын құралдарды, сондай-ақ жолаушылары жоқ өзге де көлік құралдарын шетелге айдап әкетуді болғызбау үшін; 

6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен объектілеріне, Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі қызметтік міндеттерін немесе қоғамдық борышын орындап жүрген өзге де азаматтарға, олардың отбасы мүшелеріне шабуыл, оның ішінде қарусыз шабуыл жасалып, олардың өміріне тікелей қауіп төнгенде шабуылға тойтарыс беру үшін; 

7) азаматтарды олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін шабуылдан қорғау, сондай-ақ кепілге алынғандарды босату үшін; 

8) әскери қызметшілерді немесе азаматтарды олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жануарлардың шабуылынан қорғау үшін; 

9) өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу үшін, сондай-ақ қажетті қорғаныс жағдайында және аса қажеттілік жағдайында қару-жарақ пен әскери техниканы қолданады. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшілерінің шекаралық кеңістікте дабыл белгісін беру немесе көмекке шақыру үшін де қару пайдалануға құқығы бар. 

2. Қару-жарақ пен әскери техника: 

1) қарулы шабуылға тойтарыс беру мен қарулы басып кіру үшін; 

2) қарулы қарсылық көрсетілген кезде; 

3) әскери қызметшілер мен өзге де азаматтарға кенеттен шабуыл жасалған кезде; 

4) ұсталған адамдардың тартып алған қарумен қашуы кезінде ескертусіз қолданылуы мүмкін. 

3. Өзге жағдайларда қару-жарақ пен әскери техниканы қолданудың алдында оларды қолдану ниеті туралы анық ескерту жасалуға және (немесе) ескерту мақсатында оқ атылуға тиiс. 

Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...71 72 73 74 75 ...80
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться