< Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы

Ст. 33-1 Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы
33-1-бап. Соттан тыс сауда-саттықты жарамсыз деп тану негіздері

Соттан тыс сауда-саттық мынадай негіздер бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін: 

1) осы Заңның 24-бабының 3-тармағында көзделген мән-жайлардың болуы;  

2) жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы және ипотекалық шартты тіркеген органның сауда-саттықты ықтимал өткізуі туралы хабарламаны тіркеудің болмауы;  

3) сауда-саттық туралы хабарландыру алғашқы жарияланған кезден бастап және оны өткізген кезге дейін осы Заңның 25-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген мерзімнің бұзылуы; 

4) егер қарыз алушының кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындау мерзімінің өтуі жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлама табыс етілген кезге екі айдан аз болса; 

5) осы Заңның 28-бабына сәйкес жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, Қазақстан Республикасының астанасы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында сауда-саттық туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде жариялаудың болмауы; 

6) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес мерзімді баспа басылымдарында сауда-саттық туралы хабарландырудың сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен аз мерзімде жариялануы; 

7) осы Заңның 26 және 27-баптарында көзделген хабарламаларда мәліметтердің болмауы;  

8) сауда-саттық туралы хабарландыруда осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген ақпараттың болмауы; 

9) осы Заңның 29-бабында көзделген талаптардың бұзылуы; 

10) сенім білдірілген тұлғада сауда-саттық өткізуге өкілеттіктердің болмауы. 

Ескерту. Заң 33-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...32 33 33‑1 34 35 ...38
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.




Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.



Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться