< Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы

Ст. 143 Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
143-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру

1. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру уәкілетті органның шешімімен оның аумақтық органдарының, Республикалық палатаның немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының ұсынуы негізінде жүзеге асырылады. 

2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы мынадай жағдайда: 

1) жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанда; 

2) егер тоқтата тұру жөніндегі шараларды қабылдамау құқықтардың одан әрі бұзылуына алып келуі не атқарушылық іс жүргізу тараптарына немесе өзге де тұлғаларға нұқсан келтіруі мүмкін болса, жеке сот орындаушысы атқарушылық әрекеттер жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда; 

3) атқарушылық құжатты қабылдаудан негізсіз бас тартқанда; 

4) осы Заңның 52-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке сот орындаушысы өзінің атқарушылық округінің аумағынан тыс жерлерде атқарушылық іс-әрекеттер жасағанда; 

5) осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 9-1) тармақшасында белгіленген мерзімде оқудан (біліктілігін арттырудан) өтпегенде не одан өтуден бас тартқанда; 

6) жеке сот орындаушысы осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 4), 5-1) және 5-2) тармақшаларының және 2-тармағының талаптарын бірнеше рет бұзғанда алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады. 

7) алып тасталды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3. Уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімінде жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдері көрсетілуге тиіс. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде, уәкілетті орган жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын жаңарту туралы шешім шығарады. 

4. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімі қабылданған кезден бастап жеке сот орындаушысы ретіндегі қызметке және атқарушылық іс-әрекеттер жасауға тыйым салуға әкеп соғады. 

5. Жеке сот орындаушысының өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты немесе мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, өз қызметін тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда оның өтініші бойынша тоқтатыла тұрады. Депутаттың өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін осы адам жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін атқаруды қайта жалғастыра алады. 

6. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, оның орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер басқа жеке сот орындаушысына беру үшін жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі, бұл туралы атқарушылық іс жүргізу тараптары хабарландырылады. 

7. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе жаңарту туралы шешім уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. Қабылданған шешім туралы жеке сот орындаушысы және Республикалық палата хабардар етіледі. 

8. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе жаңартудан бас тарту туралы шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін. 

Ескерту. 143-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...141‑1 142 143 144 145 ...175
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

В каких случаях начальство может заставить сотрудника полиции работать через сутки и положено ли сотрудникам полиции в таком случае компенсация




ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться