< Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы

Ст. 107 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
107-бап. Қарап тексеру

1. Әуе кемесінің жолаушылары мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесі, борттағы қосалқы заттар мен тағам, экипаж мүшелері, жолаушылар, багаж, қол жүгі, оның ішінде жолаушылардың өздерінде болатын заттар, сондай-ақ жүктер мен почта жөнелтілімдері міндетті түрде ұшу алдында қарап тексеруге жатады. 

2. Жолаушыларды, багажды, қол жүгін, оның ішінде жолаушылардың өздерінде болатын заттарды, экипаж мүшелерін, азаматтық авиацияның авиация персоналы қатарындағы адамдарды, әуе кемесі бортындағы қосалқы заттар мен тағамды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін және әуежайдың бақыланатын аймағына келетін барлық адамдарды ұшар алдында жете тексеруді авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес бағдарламалар бойынша тиісті оқудан өткен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда жұмысқа рұқсат алған авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру инспекторлары жүргізеді. 

Әуе кемелерін пайдаланушылар өздерінің әуе кемелеріне ұшу алдында қарап тексеру жүргізілу үшін жауапты болады. 

Ұшу кезінде қарап тексеруді әуе кемесінің командирі тағайындаған экипаж мүшесі жүргізеді. 

Әуежайларда әуе кемесін арнайы қарап тексеруді әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы экипаж мүшелерін (инженерлік-техникалық құрамды) және мемлекеттік органдарды олардың құзыретіне сәйкес тарта отырып жүзеге асырады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Авиациялық қауіпсіздік қызметі жоқ сыныпталмайтын әуеайлақта, уақытша әуеайлақта, қону алаңында ұшу алдындағы қарап тексеруді жүргізу әуе кемесінің экипажына жүктеледі. 

4. Қол жүгін, багажды қарап тексерудің және жолаушыларды жеке қарап тексерудің алдында жолаушыға оның қолында болуы мүмкін, қауіпті заттар мен нәрселер тізбесінде белгіленген қауіпті заттар мен нәрселерді, сондай-ақ жолаушыларға азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға тыйым салынған есірткінің барлық түрлерін көрсетуге ұсыныс жасалады. 

Қарап тексеру кезінде жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттарды тасымалдау құжаттарымен салыстырып тексеру жүргізіледі. 

Қол жүгін, багажын және өздерін жеке қарап тексеруден жалтарған жолаушылар тасымалдауға жіберілмейді. 

Қарап тексеруді ұйымдастыру үшін әуежайлардың басшылары мен авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары жауаптылықта болады. 

5. Әуе кемесіне жүк тиелгеннен кейін оның барлық сыртқы есіктері жабылған кезден бастап жүкті түсіру үшін осы есіктердің кез келгені ашылған кезге дейін жолаушының келісіміне қарамастан, қарап тексеру жүргізілуі мүмкін. 

6. Жете тексеру кезінде техникалық құралдар қолданылады, оларға қойылатын талаптарды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 

Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар ретінде жолаушыларды ішінара жеке қарап тексеру және олардың қол жүгі мен багажын қолмен қарап тексеру жүргізілуі мүмкін. 

Жолаушыларды жеке қарап тексеру және олардың қол жүгі мен багажын қолмен қарап тексеру Авиациялық қауіпсіздік қағидаларына сәйкес әуе кемесімен тасымалдауға тыйым салынған заттар мен нәрселерді табу үшін қажет болатын шектерде жүзеге асырылады. 

Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдарын не нәрселерін табу мақсатында жеке қарап тексеруді Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінде санамалап көрсетілген лауазымды адамдар жүргізеді. 

Жолаушылардың және экипаж мүшелерінің өздерінде болатын, азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға тыйым салынған барлық заттар мен нәрселерді табу мақсатында жеке қарап тексеруді әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің мамандары жүргізеді. 

Жеке қарап тексеруді тексерілетін жолаушымен бір жыныстағы адам ғана әуежайларда санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалардың талаптарына сай келетін арнайы бөлінген үй-жайларда жүргізеді. 

Бір үй-жайда бір уақытта бірнеше жолаушыны жеке қарап тексеруге тыйым салынады. 

Жеке қарап тексерудің нәтижелері қарап тексеру жүргізу туралы шешім қабылдаған адам, қарап тексеру жүргізген адам және жолаушы қол қоятын актімен ресімделеді. 

7. Егер жолаушының қол жүгін, багажын және өзін жеке қарап тексерген кезде азаматтық әуе кемелерімен алып жүруге тыйым салынған заттар мен нәрселер табылмаса, әуежайдың және авиакомпанияның лауазымды адамдары, сондай-ақ қарап тексеруді жүргізген басқа да адамдар жолаушыны билет алынған рейспен немесе кезекті рейспен жөнелтуді қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдауға міндетті. 

Жолаушы қарап тексеруге байланысты жөнелтудің кешіктірілуі себебінен ұшудан немесе ұшуды жалғастырудан бас тартқан жағдайда, авиакомпания оның талап етуі бойынша билеттің құнын немесе оның пайдаланылмаған бөлігін Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларында көзделген тәртіппен өтеуге тиіс. 

8. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекіткен арнайы тізбе бойынша лауазымды адамдарды қоспағанда, әуе кемесімен тасымалданатын әрбір адам мен оның багажына қатысты жете тексеру жүргізіледі. 

9. Әуежайдың бақыланатын аймағында қарап тексеру жүргізудің тәртібі мен шарттары Авиациялық қауіпсіздік қағидаларында айқындалады. 

10. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес белгіленген қауіп-қатер деңгейіне байланысты жолаушылар және аэровокзалдарға келетін адамдар, олардың алып жүретін заттары, оның ішінде қол жүгі мен багажы Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес жете тексеруге жатады. 

Ескерту. 107-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...105 106 107 108 109 ...111
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться