< Бiлiм туралы

Ст. 40 Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Бiлiм туралы
40-бап. Білім беру ұйымдары

1. Меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары, заңды тұлға құрмай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер білім беру ұйымдары болып табылады. 

2. Білім беру ұйымдарында бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығы: 

1) лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру немесе оларды жарамсыз деп тану туралы сот шешімі не білім беру саласындағы уәкілетті органның лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру туралы шешімі заңды күшіне енген кезден бастап тоқтатылады; 

2) лицензиялауды талап етпейтін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап туындайды. 

3) білім беру қызметінің хабарлама жасау тәртібі көзделген кіші түрлері үшін – хабарлама берілген кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымы алып тасталған кезден бастап тоқтатылады. 

2-1. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алты ай ішінде бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензия алмаған жағдайда білім беру ұйымы сот тәртібімен таратылады. 

Осы мерзімнің өтуін білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру ұйымының білім беру қызметімен айналысу құқығына лицензия алу туралы материалдарын қарау мерзіміне тоқтата тұрады. 

3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бiлiм беру ұйымының мәртебесін (үлгісін, түрін) оның құрылтайшылары айқындайды және осы Заңның талаптары, білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері ескеріле отырып, оның жарғыларында көрсетіледі. 

4. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларына қарай білім беру ұйымдарының мынадай үлгілері болуы мүмкін: 

1) мектепке дейінгі ұйымдар; 

2) орта (бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта) бiлiм беру ұйымдары; 

3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары; 

4) орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары; 

5) алып тасталды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары; 

7) мамандандырылған білім беру ұйымдары; 

8) арнайы білім беру ұйымдары; 

9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары; 

10) балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары; 

11) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары. 

Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

5. Білім беру ұйымдары қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын клиникалық базасы болған кезде ғана клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асыра алады. 

Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары болып табылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары медицина және фармацевтика кадрларын өтеусіз негізде даярлау үшін тиісті жағдайлар ұсынады. 

Клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыруға мыналар да міндетті шарттар болып табылады: 

1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының құрылымында симмуляциялық кабинеттің (орталықтың) болуы; 

2) білім беру ұйымының білім беру бағдарламасының барлық курстарын (оқу жылын) іске асыруы; 

3) дәрігер кадрларды даярлау кезінде - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында үздіксіз интеграцияланған білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура, докторантура) бағдарламаларды іске асыру; 

4) клиникалық базаларда білім алушыларды даярлау кезеңінде білікті медицина қызметкерлері арасынан тәлімгерлерді тарту; 

5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен жасалатын шарттар негізінде жұмыс істейтін университеттік ауруханаларды және (немесе) интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды қалыптастыру. 

Университеттік аурухана, интеграцияланған академиялық медициналық орталық және клиникалық базалар туралы ережелерді және оларға қойылатын талаптарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...38 39 40 40‑1 41 ...68
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться