Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 39 Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Бiлiм туралы
39-бап. Білім туралы құжаттар

1. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мынадай құжаттардың бірі беріледі: 

1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат; 

2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаты; 

3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжат. 

Дербес білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға теңестіріледі. 

Білім туралы құжаттардың қорғаныш белгілері болады. 

2. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың не дербес білім беру ұйымының білім туралы құжатының не білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың болуы келесі деңгейдегі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін қажетті талап болып табылады. 

3. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды: 

1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, Сот төрелігі академиясында, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары; 

2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен халықаралық мектептер; 

3) білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары; 

4) денсаулық сақтау саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді. 

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган және (немесе) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

4. Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттарын дербес білім беру ұйымдары береді. 

Дербес білім беру ұйымының білім туралы құжаттарының нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды дербес білім беру ұйымы айқындайды. 

5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді меңгеру қорытындысы және аралық аттестаттау нәтижелері бойынша кәсіптік даярлық туралы куәлік береді. 

5-1. Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды береді. 

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы айқындайды. 

6. Білім алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға белгіленген үлгідегі анықтама беріледі. 

7. Шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттар олардағы оқуын аяқтаған адамдарға тиісті куәлік беріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында танылады. 

8. "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттар білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады. 

9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы құжатпен қоса бір мезгілде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және нысан бойынша олардың практикалық дағдылар мен құзыреттерді меңгергенін растайтын құжат берілуі мүмкін. 

Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 172-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 08.01.2021 № 410-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

Статья 1 ...37‑2 38 39 40 40‑1 ...68

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться