< Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы

Ст. 23 Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ


Утратил силу

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
23-бап. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем

1. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерді алуға құқығы бар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға тағайындалады. 

2. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтік төлем денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен берілген еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақта көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады. 

Байқоңыр қаласының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылатын тұрғындарына жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтік төлем осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен берілген немесе Ресей Федерациясының федералдық денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың Байқоңыр қаласы аумағында орналасқан бөлімшелері берген еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақ негізінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңіне тағайындалады. 

3. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерін еңбекке қабілетсіздік күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады. 

Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістердің сомасын он екіге бөлу жолымен айқындалады. 

Әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерін айқындау кезінде осы Заңның 20-бабы 4-тармағының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген ережелер ескеріледі. 

Әлеуметтік аударымдарды бірыңғай төлем төлеуші төлеген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақтың төртінші бөлігі 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

Осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтiк аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейiнде қабылданады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақтың бесінші бөлігі 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

Сол бір кезең үшін жұмыс берушіден және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғадан әлеуметтік аударымдар келіп түскен жағдайда, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтік төлемді есептеу кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады. 

Еңбекке қабілетсіздік күндері санының коэффициенті жүктілікке және босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақ берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу жолымен айқындалады.  

4. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа, егер бұл еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып ақы төлейді. 

Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...40
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться