< Дамуға ресми көмек туралы

Ст. 7 Дамуға ресми көмек туралы 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 263-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Дамуға ресми көмек туралы
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

 1. Уәкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында дамуға ресми көмек іс-шараларының жоспарын әзірлейді және бекітеді;

2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекітеді;

 3) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы қызметін ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;

 4) дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының (бұдан әрі – жобалық ұсыныс) нысанын әзірлейді және бекітеді;

 5) мемлекеттік органдардың, оператордың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіреді;

 6) дамуға ресми көмекті есепке алуды және талдауды жүзеге асырады;

7) халықаралық ұйымдарға дамуға ресми көмекке арналған ерікті жарналарды төлеу жоспарын бекітеді және оны іске асыруды жүзеге асырады;

8) Қазақстан Республикасының Үкіметіне дамуға ресми көмектің іске асырылу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

 9) дамуға ресми көмек үшін бөлінген бюджет қаражатын пайдалану саласында оператордың қызметіне мониторингті жүзеге асырады;

10) дамуға ресми көмек жобаларының іске асырылу тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;

11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері:

1) әріптес елде дамуға ресми көмек көрсету жөніндегі ахуалдың мониторингін және оны талдауды жүзеге асырады;

 2) уәкілетті органға жобалық ұсыныстар, дамуға ресми көмектің қолданыстағы жобаларын тоқтата тұру және тоқтату, сондай-ақ тоқтатыла тұрған жобаларды қайта бастау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) әріптес елде дамуға ресми көмек жобаларының іске асырылуын үйлестіреді және оған жәрдемдеседі.
Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...16
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться