Ст. 9 Дамуға ресми көмек туралы 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 263-V
Дамуға ресми көмек туралы
9-бап. Оператордың құзыреті
1. Оператор өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.Оператор құрылғанға дейін оның функцияларын уәкілетті орган іске асырады.
2. Оператор:
1) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыруға қатысады;
2) уәкілетті органға жобалық ұсыныстар енгізеді;
3) дамуға ресми көмек іс-шараларының жоспарын әзірлеуге қатысады және іске асырады;
4) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен дамуға ресми көмек саласында өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасы дербес не әріптес донорлармен бірлесе отырып қаржыландыратын дамуға ресми көмек жобаларын іске асыру бойынша сыртқы әріптестердің қызметіне мониторингті және бақылауды жүзеге асырады;
6) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
7) дамуға ресми көмек саласында есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органның талап етуі бойынша жүзеге асырылатын қызмет туралы есепті табыс етеді;
8) уәкілетті органға дамуға ресми көмектің көлемдері мен секторлық басымдықтары жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) дамуға ресми көмек саласындағы ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
10) Қазақстан Республикасының аумағында да, оның шегінен тыс жерде де жеке және заңды тұлғалармен дамуға ресми көмек саласында келісімдер жасасады;
11) дамуға ресми көмек саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
12) осы Заңда және Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы 1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесі Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы 4-бап. Уәкілетті орган Рұқсаттар және хабарламалар туралы 5-бап. Тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің теңгерімі О Государственной границе Республики Казахстан Статья 2. Основные понятия, используемые в настоящем Законе Автомобиль жолдары туралы 5-бап. Ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері)Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей