< Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы

Ст. 12 Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы
12-бап. Селекциялық жетiстiк авторының құқықтары

1. Автордың жеке мүліктік емес құқықтары иеліктен шығарылмайтын болып табылады және мерзімсіз қорғалады. 

2. Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген селекциялық жетiстiктiң патент иеленушi болып табылмайтын авторына сараптама ұйымы оның авторлығын растайтын ресми куәлiк бередi. 

3. Өзiнiң селекциялық жетiстiгiне өз есiмiн беруге автордың құқығы бар. 

4. Автордың өзi жасаған, ашқан немесе өсiрiп шығарған селекциялық жетiстiктi патенттiң қолданылу мерзiмi iшiнде пайдаланғаны үшiн патент иеленушіден сыйақы алуға құқығы бар. Сыйақы төлеу мөлшерi мен шарттары патент иеленушi мен автор арасында жасалған келісімде айқындалады. Келісім болмаған жағдайда авторға сыйақы төлеу мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады. 

Бұл орайда автор сыйақысының мөлшерi патент иеленушiнiң селекциялық жетiстiктердi пайдаланғаны үшiн алатын жыл сайынғы түсiмдерi, оның iшiнде лицензия сатудан алатын түсiмдерi сомасының бес процентiнен кем болмауға тиiс.  

Егер автордың патент иеленушiмен шартында өзгеше көзделмесе, авторға сыйақы селекциялық жетiстiк пайдаланылған әрбiр жыл бiткеннен кейiн алты ай iшiнде төленедi.  

Егер селекциялық жетістікті бiрнеше автор жасаса, ашса немесе шығарса, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше белгіленбесе, сыйақы авторларға тең үлеспен төленеді. 

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. N 586; 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 382-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...29
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?



Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим



Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?



Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться