< Қазақстан Республикасының Патент Заңы

Ст. 1 Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Қазақстан Республикасының Патент Заңы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) айрықша құқық - өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға патент иеленушiнiң мүлiктiк құқығы;

2) бюллетень - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;

2-1) еуразиялық өтінім – 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына сәйкес берілген өтінім;

2-2) еуразиялық патент – 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына сәйкес берілген патент;

3) зияткерлiк меншiк объектiлерi - зияткерлiк қызмет нәтижелерi және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары;

4) қорғау құжаттары – өнертабыстарға, өнеркәсiптiк үлгiлерге және пайдалы модельдерге осы Заңға сәйкес берiлген патенттер;

5) алып тасталды - ҚР 07.04.2015 № 300-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

6) лицензиялық шарт - патент иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн белгiлi бiр түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты;

7) өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi - өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсiптiк үлгiлер;

7-1) өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектілері – қызметкер өзінің қызметтiк мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау кезiнде жасаған өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер;

8) Париж конвенциясы - кейiнгi өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге 1883 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясы;

9) патент иеленушi - қорғау құжатының иесi;

10) патентке қабiлеттiлiк шарттары - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне құқықтық қорғауды берудiң осы Заңда көзделген шарттары;

11) патенттелген өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi - қорғау құжаттары берiлген өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi;

12) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер - жеке және заңды тұлғалардың уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкiлдiгiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;

13) халықаралық өтінім – 1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы шартқа сәйкес берілген өтінім.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.03.02. N 237 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 ...38
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.




Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.



Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться