< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

Ст. 284 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
284-бап. Инвестициялық жоба

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

284-баптың бірінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Инвестициялық жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенiн білдіреді. 

Инвестициялық басым жоба деп: 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

284-баптың екінші бөлігінің екінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

жаңа өндірістерді құру бойынша, заңды тұлғаның жаңа өндірістік объектілердің құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

284-баптың екінші бөлігі үшінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша, заңды тұлғаның негізгі құралдарды өзгертуге, оның ішінде өнім шығаратын істеп тұрған өндірістік қуаттарды жаңартуға (реновациялау, реконструкциялау, жаңғырту) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін инвестициялық жоба түсініледі.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

284-баптың үшінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Заңды тұлға жаңа өндірістерді құру және (немесе) жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық басым жобаны тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетін белгiлi бiр басым қызмет түрлерi бойынша жүзеге асырады. 

Арнайы инвестициялық жоба деп арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған (іске асыратын) және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысынан сатып алынған не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған инвестициялық жоба түсініледі. 

Ескерту. 284-бап жаңа редакцияда - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...282‑2 283 284 285 286 ...324
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться