Ст. 285 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
285-бап. Инвестициялық преференцияларды алу тәртiбi
1. Инвестициялық преференцияларды алу үшiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органға инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм және өтiнiм берушiнiң осы Кодексте белгiленген талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жiбередi. 2. Инвестициялық преференциялар инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мен инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында жасалған инвестициялық келiсiмшарт негiзiнде берiледi.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органның инвестициялық басым жобаны iске асыратын инвесторларға "бiр терезе" қағидаты бойынша инвестициялық преференциялар беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3. Алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 285-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
286-бапты алып тастау көзделген – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
286-бап. Инвестициялық преференциялар беру шарттары
1. Инвестициялық преференциялар:
1) инвестициялық жоба, инвестициялық басым жоба бойынша – Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына;
2) арнайы инвестициялық жоба бойынша - арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе еркін қойма иесі ретінде қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына, өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім болған кезде - көлік құралдарын және (немесе) олардың компоненттерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның компоненттерін өндірушілерге;
3) инвестициялық жоба бойынша – инвестициялар туралы келісім жасасқан заңды тұлғаға беріледі.
2. Алып тасталды - ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Алып тасталды - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген қызмет түрлерi бойынша осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес инвестициялық жобаны iске асырған кезде инвестициялық преференциялар берiледi.
Басым қызмет түрлерiн айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.
Инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне мына қызмет түрлерi енгiзiлуге жатпайды:
1) ойын бизнесi саласындағы қызмет;
2) көмір қабаттарындағы метанды өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет;
3) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 462-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 5) және 6) тармақшаларында көзделген мұнай-химия өнімдерін өндіруді, акцизделетiн тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) қоспағанда, акцизделетiн тауарлар өндіру жөнiндегi қызмет.
Инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiн қоса алғанда, басым қызмет түрлерiнiң тiзбесi жылына екі реттен артық қайта қаралмайды.
5. Инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар мынадай шарттар сақталған кезде беріледі:
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы алушы болып табылады;
2) заңды тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген (жаңа өндірістерді құру бойынша) немесе бес миллион еселенген (жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша) мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асырады.
Тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларында инвестициялық қызметтің жаңа объектілерін құру кезінде заңды тұлға инвестицияларының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір миллион еселенген мөлшерін құрайды;
Басым туристік аумақтарда туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді құру кезінде заңды тұлға инвестицияларының мөлшері, егер осы тармақшаның төртінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі жүз мың еселенген мөлшерін құрайды;
Жаңа қонақүйлер салу, жұмыс істеп тұрған қонақүйлерді кеңейту және (немесе) жаңарту (реконструкциялау) кезінде заңды тұлға инвестицияларының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір миллион еселенген мөлшерін құрауға тиіс. Бұл ретте осы бөліктің талабы, егер жаңа қонақүйлер салу, жұмыс істеп тұрған қонақүйлерді кеңейту және (немесе) жаңарту (реконструкциялау) бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келсе:
жоба республикалық маңызы бар қалалар мен астанадан тыс жерде іске асырылса;
ұсынылатын қызметтер халықаралық стандарттарға сәйкес "үш", "төрт", "бес" жұлдыз санаттарына сай келсе;
он және одан да көп шет елде кем дегенде мың қонақ үйі бар халықаралық қонақ үй желісімен кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) немесе франшиза шарты жасалса, қолданылады.
3) алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) заңды тұлға:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес дербес білім беру ұйымы;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайды;
5) құйма өнімді өндіруді қоса алғанда, машина жасау саласындағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын қоспағанда, мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің - Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі үлесі жиырма алты пайыздан аспайды;
құйма өнімді өндіруді қоса алғанда, мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің - машина жасау саласындағы Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі үлесі елу пайыздан аспайды.
Мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің - Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретінде қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды, бұған құйма өнімді өндіруді қоса алғанда, мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің - Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретінде қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап жиырма жылдан аспайтын мерзімді құрайтын машина жасау саласындағы инвестициялық басым жобалар кірмейді. Мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығуға міндетті. Бұл шарт орындалмаған жағдайда инвестициялық преференцияларды қолдану ол (олар) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан толық шыққанға дейін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығу туралы шартты орындамау инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрын берілген инвестициялық преференцияларды қайтаруға әкеп соғады.
Осы тармақшаның ережелері мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі үлесі елу пайыздан кем болатын квазимемлекеттік сектор субъектісі өз қызметін көмір қабаттарындағы метанды өндіру жөніндегі инвестициялық басым жобаны іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын жағдайда қолданылмайды;
6) алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7) инвестициялық қызмет мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберiнен тыс жүзеге асырылады.
5-1. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес арнайы инвестициялық жобаға инвестициялық преференцияларды қолданудың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы мынадай шарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде тіркеледі;
2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойманы иеленуші ретінде тіркеледі;
3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады;
4) алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6. Инвестициялық преференцияларды қолдану мерзiмi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленедi және инвестициялық келiсiмшартта инвестициялық преференциялардың әрбiр түрi бойынша көрсетiледi.
7. Инвестициялық преференциялар инвесторға осы Кодекстің 292-бабында көзделген, инвестордың қойылатын талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар ұсынылған кезде берiледi.
8. Инвестициялық преференцияларды қолдану осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 286-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
287-бапты алып тастау көзделген – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
287-бап. Кедендік баждар салудан босату
1. Инвестициялық келiсiмшарт шеңберiнде инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерiнiң, шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде кедендiк баждар салудан босатылады.
Лизингтік компания инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде жеткізілетін технологиялық жабдықтың импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылады.
Технологиялық жабдық деп инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар түсініледі.
Жинақтауыштар деп жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын құрамдас бөлiктер түсініледі.
Шикізат және (немесе) материал деп кез келген пайдалы қазба, компонент, бөлшек немесе технологиялық процесс арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын өзге де тауар түсініледі.
1-1. Арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде арнайы инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жиынтықтаушы және оған қосалқы бөлшектердің импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылады.
Арнайы инвестициялық келісімшарт негізінде арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары әкелген пайдаланылған шикізатты және (немесе) материалдарды кедендік баждар салудан босату еркін кеден аймағының немесе еркін қойманың кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде, осындай шикізат пен материалдар алынған өнімде сәйкестендірілген және шартты түрде шығарылған тауарларды нысаналы пайдаланылуы танылған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезiнде кедендік баждар салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ инвестициялық келiсiмшарт тiркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
3. Технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерiнiң импорты кезiнде бес жылға дейiнгi мерзiмге кедендiк баж салудан босату тiркелген активтерге салынатын инвестициялардың көлемiне қарай және инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берiледi.
Шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде кедендік баждар салудан босату жұмыс бағдарламасы бойынша тіркелген активтер пайдалану берілген күннен бастап бес жыл мерзімге ұсынылады.
Кедендік баждар салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ жұмыс бағдарламасы бойынша тiркелген активтер пайдалануға енгiзілген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
Жұмыс бағдарламасы өндiрiс пайдалануға берiлгенге дейiн инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн айқындайтын, инвестициялық келiсiмшартқа қосымшаны білдіреді.
Егер жұмыс бағдарламасында екi және одан көп тiркелген активтердi пайдалануға енгiзу көзделетiн жағдайда, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерiн, шикiзатты және (немесе) материалдарды әкелуге кеден бажын төлеуден босату мерзiмiн есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша бiрiншi тiркелген актив пайдалануға енгiзiлген күннен бастап жүргiзiледi.
Осы тармақтың күші арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беру шарттарына қолданылмайды.
3-1. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде кедендік әкелу баждарын салудан босату:
1) арнайы экономикалық аймақтарға қатысушыларға он бес жыл, бірақ арнайы экономикалық аймақтардың әрекет ету мерзімінен аспайтын мерзімге;
2) еркін қоймалар иелеріне, арнайы инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап он бес жылдан аспайтын мерзімге;
3) моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына арнайы инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап он бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешiм туралы хабарламаны инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде кеден органына жiбередi.
Ескерту. 287-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
288-бапты алып тастау көзделген – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
288-бап. Мемлекеттiк заттай гранттар
1. Мемлекеттiк заттай гранттар Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны iске асыру үшiн уақытша өтеусiз пайдалануға берiле отырып, не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсыныла отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiлетін мүлiкті білдіреді.
2. Мемлекеттiк заттай гранттарды осы Кодексте белгiленген тәртiппен инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша, инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз бередi.
Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның шешімі ұсынылған мемлекеттік заттай грантты меншікке немесе жер пайдалануға өтеусіз беру үшін негіз болып табылады, ол инвестор мен инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестордың инвестициялық міндеттемелерді орындауын көздейтін аудиторлық есеп алынған күннен бастап үш айдан кешіктірмей қабылданады.
3. Мемлекеттiк заттай гранттар ретiнде: жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтiн және реттейтiн аспаптар мен құрылғылар, көлiк құралдары (жеңiл автокөлiктi қоспағанда), өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандар берiлуi мүмкiн.
4. Мемлекеттiк заттай гранттарды бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен олардың нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғары мөлшерi Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тiркелген активтерiне салынатын инвестициялар көлемiнiң отыз пайызынан аспайды.
Егер сұрау салынған мемлекеттiк заттай гранттың бағаланған құны көрсетілген ең жоғары мөлшерден асып түскен жағдайда, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының сұрау салынған мүлiктi оның бағаланған құны мен мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғары мөлшерi арасындағы айырманы төлеп алуға құқығы бар.
Ескерту. 288-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
289-бапты алып тастау көзделген – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
289-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген кездегі тұрақтылық кепілдігі
1. Осы Кодекстің 286-бабының 5-тармағына сәйкес келетін инвестициялық басым жобаларды іске асыратын немесе 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттар бойынша инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын немесе инвестициялар туралы келісім шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын заңды тұлғаларға:
1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы;
2) шетелдік жұмыс күшін тарту саласында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасы өзгерген кезде тұрақтылыққа кепілдік беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі ерекшелік жағдайды осы Кодекстің 295-2-бабының 4-тармағында көзделген жағдайлар құрайды.
2. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктің қолданылуы күшін жояды.
3. Осы Кодекстің 295-3-бабына сәйкес инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан заңды тұлғаларға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес он жыл мерзімге Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беріледі.
Ескерту. 289-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
290-бапты алып тастау көзделген – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
290-бап. Салықтар бойынша преференциялар
1. Салықтар бойынша преференциялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.
2. Салықтар бойынша преференциялардың түрлері:
1) инвестициялық басым жобалар үшін:
есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;
мүлік салығын салықтық базаға 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу;
2) инвестициялық басым жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар үшін – инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың және (немесе) материалдардың импортын қосылған құн салығынан босату;
3) арнайы инвестициялық жобалар үшін – арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың және (немесе) материалдардың импортын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығынан босату.
3. Инвестициялық келісімшартта салықтар бойынша преференциялардың әрбір түрінің қолданылу мерзімі белгіленеді, бірақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалған оларды қолданудың шекті мерзімінен аспайды.
4. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялардың қолданылуы күшін жояды.
Ескерту. 290-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей