Ст. 73 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
73-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері мен қағидаттары
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері: 1) Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тиімді өзара іс-қимыл жасауы үшін жағдайлар жасау;
2) халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету инфрақұрылымы мен жүйелерін дамыту үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру арқылы мемлекеттің экономикасына инвестициялар тарту;
3) халықтың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділік деңгейін және сапасын арттыру;
4) Қазақстан Республикасындағы жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қағидаттары:
1) дәйектілік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы өзара қатынастарды кезең-кезеңмен орнату;
2) конкурстық қағидаты – "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жекеше әріптесті конкурстық негізде айқындау;
3) теңгерімділік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру процесінде міндеттерді, кепілдіктерді, тәуекелдерді және кірістерді мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында өзара тиімді бөлу;
4) нәтижелілік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік нәтижелеріне қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін өлшемшарттар мен көрсеткіштерді белгілеу;
4-1) ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаты – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мен іске асыру процестері туралы ақпаратқа ашық қол жеткізу;
5) халық үшін құндылық қағидаты – әлеуметтік инфрақұрылымды және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамытуды қамтамасыз ету, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділік деңгейі мен сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құру болып табылады.
Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы


если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей