< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

Ст. 79-3 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
79-3-бап. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері осы бапта санамаланған шарттардың біріне немесе бірнешеуіне сәйкестігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді: 

1) бірінші санат – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі азаматтардың мынадай санаттарын: 

мүгедектігі бар адамдарды; 

мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ананы және басқа да заңды өкілдерді; 

зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде); 

балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1) тармақшаның алтыншы абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1) тармақшаны жетінші абзацпен толықтыру көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды; 

аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды; 

наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде; 

қандастарды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің арасында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың орташа жылдық саны алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кемінде елу пайызды құраған (бірақ осындай санаттарға жататын кемінде екі адам болған), ал еңбекке ақы төлеу шығыстарында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі кемінде жиырма бес пайызды құраған жағдайда, жұмыспен қамтуға ықпал етеді (жұмыскердің әлеуметтік мәртебесі еңбек шартын жасасқан кезде белгіленеді); 

2) екінші санат – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі осы баптың 1) тармақшасында аталған санаттар қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді өткізуге ықпал етеді. Бұл ретте, алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс, ал әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрайды; 

3) үшінші санат – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі мүгедектігі бар адамдардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында мүгедектігі бар адамдарға арналған, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында осы баптың 1) тармақшасында аталған өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құраған, ал әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құраған жағдайда, мынадай: 

тұрмыста тыныс-тіршілікті қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету жөніндегі; 

күтімді ұйымдастыру, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге жәрдем көрсету, азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі түрде байқау арқылы денсаулықты қолдауға және сақтауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі; 

әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психологиялық жай-күйін түзетуде көмек көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі; 

мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың профилактикасына бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді көрсету жөніндегі; 

жұмысқа орналасуда және еңбекте бейімделуге байланысты өзге де проблемаларды шешуде көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету жөніндегі; 

коммуникациялық әлеуетті арттыруды, оңалту мен әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік қолдап отыру бойынша қызметтерді көрсету жөніндегі; 

аурулардың профилактикасы, мүгедектігі бар адамдарды оңалту, оның ішінде мүгедектігі бар балаларды медициналық абилитациялау үшін ғана пайдаланылуы мүмкін медициналық техниканы, протездік-ортопедиялық құралдарды, цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық қамтылымды, сондай-ақ техникалық құралдарды өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі; 

мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлердің демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі; 

қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі; 

мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті, көлік құралдарын пайдалануды, ақпарат беру кезінде әмбебап байланыс қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау жөніндегі қызмет түрлеріне сәйкес жүзеге асырады; 

4) төртінші санат – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі қызметті алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құраған, ал әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құраған жағдайда, мынадай: 

отбасын нығайтуға, балалардың отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтерді көрсету жөніндегі; 

балалардың демалысын және оларды сауықтыруды ұйымдастыру жөніндегі; 

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі; 

мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі; 

әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапасын арттыруға бағытталған, осы ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерін (волонтерлерді) оқыту жөніндегі; 

мәдени-ағартушылық (оның ішінде, жеке музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің, мектеп-студиялардың, шығармашылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі); 

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі; 

осы Кодекстің 79-3-бабында аталған халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын, саламатты өмір салтын жүргізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет түрлерінің ішінен жүзеге асырады. 

Ескерту. 79-3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...79‑1 79‑2 79‑3 79‑4 80 ...324
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться