Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 80 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
80-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары, міндеттері және шектері

1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың заңды мүдделерін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және ел экономикасының өсуін ынталандыратын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. 

2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің міндеттері: 

1) адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауды, қоршаған ортаны қорғауды; 

2) ұлттық экономикаға инвестициялар тартуды ынталандыратын реттеуші ортаны және инновациялық қызметке қолайлы экожүйе қалыптастыруды; 

3) адал бәсекелестікті дамытуға жағдайлар жасауды; 

4) кәсіпкерлердің іскерлік беделіне негізделген бизнестің адал, әдепті жүргізілуін ынталандыруды; 

5) өзін-өзі реттеуді дамытуға жәрдемдесуді; 

6) тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтиды. 

3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу реттегіш құралдар арқылы жүзеге асырылады және: 

1) Қазақстан Республикасының заңдары; 

2) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары; 

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары; 

4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары; 

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері; 

6) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары; 

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптарды қамтитын өзге де құжаттар деңгейінде мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеуіне негізделген. 

4. Осы тараудың күші Қазақстан Республикасының қаржы, салық және кеден заңнамасы саласындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге, қаржыұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және реттегіш құралдарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына имплементтелген немесе имплементтеу жоспарланатын халықаралық шарттардың талаптарына қолданылмайды. 

Ескерту. 80-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...79‑3 79‑4 80 81 81‑1 ...324

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?


Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться