< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

Ст. 80 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
80-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары, міндеттері және шектері

1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың заңды мүдделерін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және ел экономикасының өсуін ынталандыратын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. 

2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің міндеттері: 

1) адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауды, қоршаған ортаны қорғауды; 

2) ұлттық экономикаға инвестициялар тартуды ынталандыратын реттеуші ортаны және инновациялық қызметке қолайлы экожүйе қалыптастыруды; 

3) адал бәсекелестікті дамытуға жағдайлар жасауды; 

4) кәсіпкерлердің іскерлік беделіне негізделген бизнестің адал, әдепті жүргізілуін ынталандыруды; 

5) өзін-өзі реттеуді дамытуға жәрдемдесуді; 

6) тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтиды. 

3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу реттегіш құралдар арқылы жүзеге асырылады және: 

1) Қазақстан Республикасының заңдары; 

2) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары; 

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары; 

4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары; 

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері; 

6) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары; 

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптарды қамтитын өзге де құжаттар деңгейінде мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеуіне негізделген. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Осы тараудың күші Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның валюталық реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қолданылмайды. 

Ескерту. 80-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...79‑3 79‑4 80 81 81‑1 ...324
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться