< ҚР Қылмыстық-атқару кодексi

Ст. 89 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
89-бап. Мекемелер түрлерi

1. Мекемелер: 

1) қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер; 

2) орташа қауіпсіз мекемелер; 

3) кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелер; 

4) қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелер; 

5) төтенше қауіпсіз мекемелер; 

6) толық қауіпсіз мекемелер; 

7) қауіпсіздігі аралас мекемелер болып бөлінеді. 

2. Қауіпсіздігі аралас мекемелерге: 

1) сотталғандарды әртүрлі режим түрлерімен ұстауға арналған мекемелер; 

2) қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға сотталған не шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған не жіберілген не осы Кодекстің 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес мекемелерден келген, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды ұстау үшін пайдаланылатын тергеу изоляторлары жатады. 

3. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар: 

1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында аталған сотталғандар; 

2) орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерден осы Кодекстiң 96-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ауыстырылған сотталғандар өтейдi. 

4. Орташа қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар: 

1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 2) тармағында аталған сотталғандар; 

2) мекемелерден осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ауыстырылған сотталғандар; 

3) кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерден осы Кодекстің 156-бабына сәйкес ауыстырылған сотталғандар өтейдi. 

5. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар: 

1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 3) тармағында аталған сотталғандар; 

2) осы Кодекстің 96-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар өтейдi. 

6. Төтенше қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар: 

1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 4) тармағында көрсетілген сотталғандар; 

2) өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен немесе өлім жазасының күшін жоятын заңның қолданылуына байланысты өмір бойына бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар; 

3) осы Кодекстің 92-бабының бірінші бөлігіне сәйкес жіберілген сотталғандар өтейдi. 

7. Толық қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар: 

1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабының алтыншы бөлігінде аталған сотталғандар; 

2) алып тасталды – ҚР 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

3) осы Кодекстiң 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар; 

4) осы Кодекстің 92-бабының бірінші бөлігіне және 96-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес жiберiлген сотталғандар өтейді. 

8. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ мекемеде кемінде бір жыл болу шартымен, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жиырма бір жасқа толғанға дейiн қалдырылған сотталғандар жазасын өтейдi. 

9. Мекемелерде жазасын өтеп жүрген сотталғандар басқа қылмыс жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған кезде, олардың әкімшілігімен келісу бойынша осы мекемелерде, бірақ жазасын өтеп жүрген басқа сотталғандардан оқшауланып ұсталады. 

10. Сотталғандар камераларда тұратын бір мекемеде әртүрлі режим түрлері бар оқшауланған учаскелер жасалуы мүмкін. 

Осы бөліктің камерада ұстау туралы талабы осы Кодекстің 94-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қолданылмайды. 

Ескерту. 89-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...87 88 89 90 91 ...177
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться