< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

Ст. 484 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
484-бап. Кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін сот актілері

1. Кассациялық сот бірінші сатыдағы соттар шығарған, заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға кассациялық шағымдар бойынша олар апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін, прокурордың наразылықтары бойынша, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы үкімдер мен қаулыларға өтінішхаттар мен наразылықтар бойынша істерді қарайды. 

2. Кассациялық тәртіпте қайта қарауға: 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1) тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1) қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша; 

ҚР Конституциялық Сотының 14.07.2023 № 21 нормативтік қаулысымен осы кодекстің 484-бабы екінші бөлігінің 1) тармағы және ҚР Жоғарғы Сотының "Қылмыстық істерді кассациялық тәртіппен қарауды регламенттейтін заңнаманы қолдану туралы" 2022 жылғы 10 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысының 2-тармағының үшінші абзацы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.

2) сот талқылауы барысында шығарылған осы Кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтінішхаттарын зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысының залында тәртіп сақтауға қатысты, мемлекеттік және жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты мәселелер бойынша, үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша; 

3) тергеу судьясы шығарған сот актілері жатпайды. 

ҚР Конституциялық Сотының 17.08.2023 № 25 нормативтік қаулысымен осы кодекстің 107-бабының төртінші бөлігі және 484-бабы екінші бөлігінің 3) тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.

3. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшіне енген сот актілері оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілгендер осы Кодекстің 485-бабында көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін. 

4. Алып тасталды – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 484-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...482 483 484 485 486 ...674
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?



Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.



5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....



да, можно, но не автоматически — всё зависит от законодательства о закупках и условий конкурсной документации.



Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться