< ҚР Қылмыстық Кодексi

Ст. 107 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

ҚР Қылмыстық Кодексi
107-бап. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру

1. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру – 

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) екi немесе одан да көп адамға қатысты; 

2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты; 

3) аса қатыгездiкпен, сол сияқты кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кінәлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тәуелді адамға қатысты; 

4) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, қылмыстық топ жасаған; 

5) бұзақылық ниетпен; 

6) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша; 

7) бірнеше рет; 

8) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет – 

үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...105 106 107 108 108‑1 ...467
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться