< ҚР Қылмыстық Кодексi

Ст. 430 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

ҚР Қылмыстық Кодексi
430-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау

1. Заңды күшiне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актiсiн не атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамау, сол сияқты оларды орындауға кедергi жасау – 

сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер – 

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыс жасау кезінде өндiрiп алу сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген он мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын іс-әрекеттер, сол сияқты олардың орындалуына кедергі жасау – 

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген қылмысты жасаған және сот үкімі шығарылғанға дейін берешегінің бүкіл сомасын өтеген адамға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды. 

4. Сот актілерін орындаудан жалтару мақсатында жасалған, заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтаруға байланысты істер бойынша сот шешімімен немесе үкімімен (қаулысымен) тәркіленген мүлікті, сол сияқты мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікті не тыйым салу қолданылған мүлікті заңсыз иеліктен шығару, ауыртпалық салу – 

алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 430-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...428‑1 429 430 431 432 ...467
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться