< ҚР Қылмыстық Кодексi

Ст. 71 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Қылмыстық Кодексi
71-бап. Ескіру мерзімінің өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

1. Егер қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күннен бастап мынадай мерзiмдер: 

1) қылмыстық теріс қылық жасалғаннан кейін бір жыл; 

2) онша ауыр емес қылмыс жасалғаннан кейiн екi жыл; 

3) ауырлығы орташа қылмыс жасалғаннан кейiн бес жыл; 

4) ауыр қылмыс, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалғаннан кейiн он жыл; 

5) аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейiн он бес жыл өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 

2. Ескіру мерзімдері қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күннен бастап және сот үкiмi заңды күшiне енген кезге дейiн есептеледi. 

3. Қылмыстық теріс қылықтар бойынша ескіру мерзімдерінің өтуi жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына қарамастан тоқтатыла тұрмайды және үзілмейді. 

4. Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, ескіру мерзімдерінің өтуi тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескіру мерзімдерінің өтуi адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезiнен бастап қайта басталады. Бұл ретте, егер қылмыс жасаған уақыттан берi ескіру мерзімі үзілмесе және мынадай мерзімдер: 

1) онша ауыр емес қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл; 

2) ауырлығы орташа қылмыс жасалғаннан кейін он жыл; 

3) ауыр қылмыс, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл; 

4) аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін жиырма жыл өтсе, адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. 

Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мерзiм өткенге дейiн жаңадан ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаса, ескіру мерзімінің өтуі үзіледі. Мұндай жағдайларда ескіру мерзімін есептеу жаңа қылмыс жасалған күннен бастап қайта басталады. Өзге жағдайларда, егер ескіру мерзімі өткенге дейiн адам қайтадан қылмыс жасаса, әрбiр қылмыс бойынша ескіру мерзімі дербес өтедi. 

4-1. Ескіру мерзімінің өтуі сотқа немесе қылмыстық қудалау органына күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан немесе оның қорғаушысынан кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат келіп түскен кезден бастап ол толық орындалған кезге дейін тоқтатыла тұрады. 

Тараптардың бірі кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасудан бас тартқан жағдайда ескіру мерзімінің өтуі қайта басталады. 

5. Осы Кодекс бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін қылмысты жасаған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот ескіру мерзімінің өтуіне байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға болады деп таппаса, онда өмір бойына бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылады. 

6. Бейбiтшiлiкке және адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, сондай-ақ жеке адамға, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға ескiру мерзiмдерi қолданылмайды. 

Ескерту. 71-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...69 70 71 72 73 ...467
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться