Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 73 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

ҚР Қылмыстық Кодексi
73-бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту

1. Онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін. Бұл ретте адам, өмір бойына тағайындалған жазаларды қоспағанда, жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін. 

Сот жазаның қалған өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстырған жағдайда, оны есептеу мерзімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексімен регламенттеледі. 

2. Сотталған адам онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн – жаза мерзiмiнiң кемінде төрттен бірін, ауыр қылмысы үшiн жаза мерзiмiнiң үштен бірін, адамның өміріне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің жартысын іс жүзінде өтегеннен кейiн жазаның өтелмеген бөлiгi неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн. 

Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адамның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасау жағдайын қоспағанда, осындай қылмыс, адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру қолданылмайды. Адамдардың қаза табуына алып келмеген және аса ауыр қылмыс жасаумен ұштаспаған террористік немесе экстремистік қылмысы үшін тағайындалған бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға осы бөліктің бірінші абзацында көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін, егер осындай адам террористік немесе экстремистік қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеп-тексеруге, террористік немесе экстремистік топтың қатысушыларын әшкерелеуге белсенді түрде жәрдемдескен болса, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін. 

Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға жазаның өтелмеген бөлігі Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жібере отырып немесе онсыз, айыппұлға ғана ауыстырылуы мүмкін. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-бөлікті төртінші абзацпен толықтыру көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-1. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімдер жазаның қалған өтелмеген бөлігі негізге алынып, ал осы Кодекстің 72-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген тәртіппен үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындалған кезде түпкілікті тағайындалған жаза негізге алынып есептеледі. 

3. Жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот бас бостандығынан айырудың төрт күніне бір айлық есептік көрсеткіш есебiмен айыппұлды не бас бостандығынан айырудың бiр күнiне бас бостандығын шектеудің бiр күнi есебiмен бас бостандығын шектеуді таңдауы мүмкiн. Айыппұлға ауыстырудың шарты қылмыспен келтірілген залалды толық өтеу болып табылады. 

4. Онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр қылмыстар немесе аса ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, егер ол жазаны өтеу кезеңінде қылмыстық топ жасаған қылмыстарды ашуға және тергеп-тексеруге ықпал еткен не процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, сот қалған өтелмеген жазасының жартысынан аспайтын бөлігін, адам өмiрiне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты ауыр қылмыс үшін – үштен бірінен аспайтын бөлігін, ал адам өмiрiне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты аса ауыр қылмыс үшін төрттен бірінен аспайтын бөлігін қысқарта алады. Жазаның өтелмеген бөлігін қысқарту кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты, мұндай қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, қолданылмайды. 

Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

73-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 11.06.2026 № 307-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...71 72 73 74 75 ...467

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться