< ҚР Су Кодексi

Ст. 111 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

ҚР Су Кодексi
111-бап. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану

1. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен iске қосу олардың мақсатына, осы құрылыстарды жобалау кезiнде әзiрленген шарттар мен нормаларға сәйкес жүргiзiледi.  

2. Су пайдаланушылардың тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеуі кеме қатынасы, осы өзен бассейні су ресурстарының кешенді пайдаланылуы мен қорғалуы ескеріле отырып, арнайы су пайдалануға рұқсат негізінде жүзеге асырылады. 

3. Алып тасталды - ҚР 28.04.2016 № 506-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-1. Уәкілетті орган бекіткен, бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иелері олардың қауіпсіздігін декларациялауды жүргізуге міндетті. 

4. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын (бұдан әрі – декларация) әзірлеуді меншік иесі дербес не оның қаражаты есебінен бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған бөгде ұйым жүзеге асырады. 

5. Декларация бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына уәкілетті органның ведомствосы аттестаттаған ұйымда өтініш беруші ұйымның қаражаты есебінен сараптамадан өткізілуге тиіс. 

6. Декларацияның тіркеу шифрын беру үшін өтініш беруші бассейндік инспекцияға сараптама қорытындысының көшірмесімен бірге өтініш пен декларацияның көшірмесін ұсынады. 

Бассейндік инспекция ұсынылған құжаттарды қарап, декларацияны тiркеу туралы шешiм қабылдайды не уәждi бас тартуды бередi. 

Бассейндік инспекция тiркеген декларацияның көшірмесі бассейндік инспекцияда сақталады. 

7. Бөгеттер және бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркеген ұйымдар тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. 

8. Бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар өзгерген жағдайда декларация өзгертілуге жатады. 

Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде оған қайта сараптама жүргізілуге және ол тіркелуге тиіс. 

Ескерту. 111-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 11.04.2014 N 189-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.04.2016 № 506-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-Бөлім. Су объектілерін қорғау және судың зиянды әсеріне қарсы күресу

23-тарау. Су қорғау қызметі

Статья 1 ...109 110 111 112 113 ...146
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться