Ст. 86 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481
ҚР Су Кодексi
86-бап. Су алу мен пайдалану көлемдерiн қысқарту жөнiндегi талаптар
1. Су алу және пайдалану көлемдерін азайту жөніндегі талаптарға экономиканың барлық салаларында әртүрлі технологиялық процестерге су жұмсау нормативтерін және су тұтыну мен су бұру нормаларын қайта қарау арқылы қол жеткізіледі. 2. Су ресурстарын алу және пайдалану көлемдерiн қысқарту жөнiндегi талаптарға:
1) барлық тасымалдайтын, бөлетiн желiлердегi және су тұтынудың әрбiр нүктесiндегi шығындар мен ысыраптарды қысқарту;
2) су пайдаланудың ұтымды әдiстерi мен технологияларын енгiзу және судың нақты пайдаланылуын барлық жерде бiрдей есепке алуды қамтамасыз ету негiзiнде су үнемдеу есебiнен қол жеткiзiледi.
3. Мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары және су пайдаланушылар cудың жұмсалуын, тасымалдайтын желiлердегi, су тұтыну нүктелерiндегi судың ысырабын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектiлерiнен су алу көлемдерiн қысқарту мүмкiндiгiн жыл сайын талдап отыруға мiндеттi.
Уәкілетті орган экономиканың жекелеген салалары үшін су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормаларын бес жылда бір реттен сиретпей әзірлейді және бекітеді. Су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде ескеріледі.
Су пайдаланушылар су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары негізінде уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын бес жылда бір реттен сиретпей әзірлейді.
Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары су тұтыну мен су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есеп-қисаптар кезінде ескеріледі.
Ескерту. 86-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей