< Прокуратура туралы

Ст. 5 Прокуратура туралы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 155-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Прокуратура туралы
5-бап. Прокуратура органдарының жүйесі

1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, оған бағынысты ведомство, білім беру ұйымы, әскери прокуратура және көлік прокуратурасы органдары, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) прокуратуралар, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралар прокуратура органдарының бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құрайды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмеген өзге де прокуратура органдары құрылуы мүмкін. 

2. Прокуратура органдарының қызметі төмен тұрған прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға және Бас Прокурорға бағынуы негізінде жүзеге асырылады. 

Прокурорлардың бағыныстылығы мыналарды қамтиды: 

1) төмен тұрған прокуратуралар үшін жоғары тұрған прокурорлардың жұмысты және қызметті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі нұсқауларын орындау міндеттілігі; 

2) төмен тұрған прокурорлардың қызметтік міндеттерін орындағаны үшін жоғары тұрған прокурорлар алдында жауапты болуы; 

3) төмен тұрған прокурорлардың өкілеттіктерін қажет болған жағдайларда жоғары тұрған прокурорлардың жүзеге асыруы; 

4) жоғары тұрған прокурорлардың төмен тұрған прокурорлар актілерінің күшін жоюы, оларды кері қайтарып алуы, тоқтата тұруы немесе өзгертуі; 

5) жоғары тұрған прокурорлардың төмен тұрған прокурорлардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), актілеріне жасалған шағымдарды шешуі. 

3. Бас Прокурор осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен төмен тұрған прокурорлардың бағыныстылығының өзге де нысандарын белгілеуі мүмкін. 

4. Прокуратура органдары қадағалауды жүзеге асыру кезінде өзге мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайды. 

5. Прокуратураның ведомствосын, мекемелерін, білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олардың мәртебесі мен құзыретін айқындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 

6. Прокуратура органдарының қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ұйымдар құрылуы мүмкін. 

7. Прокуратура органдарының өз нышандары болады, олардың сипаттамасын Бас Прокурор бекітеді.
Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...48
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться