< Прокуратура туралы

Ст. 6 Прокуратура туралы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 155-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Прокуратура туралы
6-бап. Прокуратура органдарының құзыреті

Прокуратура органдары жүктелген міндеттер шегінде: 

1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Конституциялық заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес: 

мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің; 

әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізудің; 

сотқа дейінгі тергеп-тексерудің, қылмыстық қудалаудың, жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметінің; 

атқарушылық іс жүргізудің; 

заңды күшіне енген сот актілерінің; 

қылмыстық жазаларды орындаудың және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолданудың; 

мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың; 

Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтаудың заңдылығын жоғары қадағалауды; 

2) сотта мемлекет мүдделерін білдіруді;  

3) қылмыстық қудалауды;  

4) қылмыстық-құқықтық салада халықаралық ынтымақтастықты, шет мемлекеттердің құзыретті органдарында және халықаралық ұйымдарда қылмыстық қудалау мәселелері бойынша, шетелдік және халықаралық соттарда (төреліктерде) прокуратураның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекет мүдделерін білдіруді, халықаралық шарттар жасасуды, қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық шарттардың жобаларын келісуді;  

5) нормашығармашылық қызметке қатысуды; 

6) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құзыретті жүзеге асырады.
Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...48
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться