Ст. 135 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
135-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі есебі
Мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі есеп – әкімшілік, басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатында және талдамалық мақсаттарда бюджет процесінде, оның ішінде халықаралық салыстыруларда қолдану үшін мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы мәліметтерді қамтитын құжат.
Мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі есеп мемлекеттік басқару секторы, мемлекеттік сектор және тиісті кіші секторлар бөлінісінде жасалады, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленген сыныптауыштар негізінде және жалпыға бірдей қабылданған халықаралық стандарттар негізінде айқындалады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі есепті:
1) осы Кодекстің 120 және 121-баптарына сәйкес қалыптастырылатын шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептер;
2) осы Кодекстің 133 және 134-баптарына сәйкес қалыптастырылатын республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік;
3) осы Кодекстің 64-бабына сәйкес қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп;
4) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының орындалуы туралы есептер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мүлік тізілімінде және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінде көрсетілетін қосымша мәліметтер мен өзге де ақпарат негізінде жасайды.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі есепті жасау, уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және ақпаратты ұсыну тәртібін айқындайды және бекітеді.
Мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі есеп қаржы жылының қорытындысы бойынша жасалады, сондай-ақ осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
7-БӨЛІМ. ҚАРЫЗ АЛУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫҢ БОРЫШТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУ, МЕМЛЕКЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР, БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ ГРАНТТАР 28-тарау. ҚАРЫЗ АЛУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫҢ БОРЫШТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
ҚР Бюджет кодексi 127-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну ҚР Бюджет кодексi 114-бап. Қазынашылық мониторинг ҚР Бюджет кодексi 66-бап. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ҚР Бюджет кодексi 130-бап. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі ҚР Бюджет кодексi 126-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсынуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей