Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 159 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Бюджет кодексi
159-бап. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру

1. Мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады. 

1-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы салынатын бюджеттік инвестициялар белгіленген тәртіппен бекітілген қаржылық-экономикалық негіздемелерге сәйкес іске асырылады. 

2. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға және олардың еншiлес ұйымдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеуге ақша аудару бағалы қағаздар нарығын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның тиiстi куәлiгiмен расталатын жарияланған акцияларын (бағалы қағаздарды) шығару мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырылады. 

Квазимемлекеттік сектор субъектісінің еншілес, тәуелді және өзімен үлестес ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға жарияланған акцияларды (бағалы қағаздарды) төлеуге ақша аударуы республикалық бюджет туралы заңда не мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде тиісті қаржы жылына көзделген ақша квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 

3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджеттік инвестициялардың және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын инвестициялардың мониторингін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады. 

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есептің негізінде жүзеге асырады. 

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады. 

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды. 

4. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады. 

Ескерту. 159-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 № 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

9-бөлім. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер


Ескерту. 9-бөлім жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 380-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

32-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер

Статья 1 ...158 158‑1 159 160 161 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться