Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 85 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Бюджет кодексi
85-бап. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары

1. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және жүргізуді, оларды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараттары жүзеге асыратын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін қоспағанда, бюджетті атқару жөніндегі тиісті орталық және жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады. 

2. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің оларға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемі шегінде ақшалай түрдегі міндеттемелердің ай сайынғы көлемін айқындайтын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің өздері қабылдайтын міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарлары негізінде жасалады. 

3. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджет түсімдерінің және төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың теңгерімделген ай сайынғы жоспарын айқындайтын құжат болып табылады. 

Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары теңгерімделген болуға тиіс, ол жыл басынан бергі өспелі жиынымен айлар бойынша түсімдерден шығыстардың асып кетуіне жол бермеуді білдіреді. 

4. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары және кіші сыныптары мен ерекшеліктері бойынша жасалатын, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарынан және функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының бюджеттік бағдарламалары бойынша жасалатын төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарынан тұрады. 

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараттары қалыптастыратын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін қоспағанда, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жасайды. Бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджетке төленетін төлемдер түсімдерінің мерзімдерін, бюджетке алдыңғы жылдары түскен төлемдер түсімдерінің серпінін, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық серпінін талдау нәтижелерін және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстар деңгейін, кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының, байланысты гранттар туралы келісімдердің талаптарын негізге ала отырып, бюджет түсімдері сыныптамасының топтама кодтарының толық көлемі бойынша жасалады. 

Төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары оларға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемі шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қабылдаған міндеттемелерді орындау есебіне төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті жеке бюджеті қаражатының ай сайынғы көлемін айқындайтын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары негізінде жасалады. 

Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомалары бюджеттің бекітілген (нақтыланған, түзетілген) түсімдері мен шығыстарының сомаларына сәйкес болуға тиіс. 

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының жылдық сомалары: 

бюджеттік бағдарламалар деңгейінде – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттің бюджеттік бағдарлама бойынша шығыс сомасына; 

бюджеттік кіші бағдарламалар деңгейінде – бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаның бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыс сомасына сәйкес келуге тиіс. 

5. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасы жөніндегі мемлекеттік мекемелер әзірлейді және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бекіту және әзірлеу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне беріледі. 

6. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары бойынша шығыстардың жинақталған сомасы міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес болуға тиіс. 

7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараттарына беретін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қоспағанда, шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамалары бойынша әзірлейді және бюджеттік бағдарламалар деңгейінде бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға береді. 

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі операциялық жоспарды уақтылы іске асыру мақсатында айлар бойынша жоспарлы тағайындауларды бөлуді қамтамасыз етеді. 

8. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары жоспарлы кезеңнің бірінші жылына арналып әзірленеді және бекітіледі. 

9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктеріне қатысты және бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерін өзгертпейтін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістерді өздері дербес енгізеді. 

Бюджеттiң атқарылуы барысында бюджет қаражатының үнемделуi пайда болған жағдайда: 

Республикалық бюджет комиссиясында қарамастан, қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шегінде республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы; 

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясында қарамастан, қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шеңберінде және бір облыс шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен келісу бойынша, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы; 

бюджеттік даму кіші бағдарламасында көзделмеген жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларға және бюджеттік инвестициялық жобалар құнының қымбаттауымен байланысты шығыстарға қаражатты қайта бөлуді қоспағанда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша пайда болған үнемдеу сомасын тиісті бюджет комиссиясында қарамастан бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шешімімен бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен бір бюджеттік бағдарлама ішінде бюджеттік даму кіші бағдарламасына қайта бөлуге құқылы; 

қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, мемлекеттік мекемелер қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде қайта бөлуге құқылы. 

9-1. Бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражатты ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана арасында тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.  

Бюджеттің атқарылуы барысында облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражатты ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында тиісті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы. 

9-2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қаражатты нысаналы даму трансферттерi бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде тікелей және түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштері сақталған жағдайда ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) жергілікті бюджетте көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы. 

9-3. Бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштері сақталған жағдайда бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық шығыстар көлемін өзгертпей, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен: 

1) тиісті бюджет комиссиясында қарамастан, ағымдағы бір бюджеттік бағдарламаның немесе бюджеттік бағдарламаның ағымдағы бір бюджеттік кіші бағдарламасы шегіндегі іс-шаралар арасында өздері дербес; 

2) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік кіші бағдарламаларды қоспағанда, тиісті бюджет комиссиясында қарамастан, бір бюджеттік бағдарлама шегінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында; 

3) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бюджет комиссиясында қарамастан, бір бюджеттік даму бағдарламасы немесе бюджеттік бағдарламаның бір бюджеттік даму кіші бағдарламасы шегінде бюджеттік инвестициялық жобалар арасында; 

4) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бюджет комиссиясында қарамастан, бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік даму кіші бағдарламалары арасында қайта бөлуге құқылы. 

9-4. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізуді мемлекеттік мекемелердің өтінімдері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жүзеге асырады. 

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қажетті бюджеттік бағдарлама бойынша ай сайынғы шығыстар көлемін өзгертулер бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады. 

10. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау және жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді. 

11. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына ағымдағы бағалау жүргізу және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөнінде бірыңғай дерекқор қалыптастыру үшін бекітілгеннен (өзгерістер енгізілгеннен) кейiн бес жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тиісінше – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген құжаттарға енгізілген өзгерістерді осындай өзгерістердің негіздемелерімен бірге жібереді. 

Ескерту. 85-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 № 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.23 № 55-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 № 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-тарау. БЮДЖЕТТІҢ КАССАЛЫҚ АТҚАРЫЛУЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ШОТТАР

Статья 1 ...83 84 85 86 87 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться