Ст. 136 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
136-бап. Экологиялық залалды жою жөніндегі міндет
1. "Ластағыш төлейді" қағидатына сәйкес әрекеті немесе қызметі экологиялық залал келтірген тұлға экологиялық залал келтірілген табиғи орта құрамдастарын толық көлемде және өз есебінен ремедиациялауды жүзеге асыруға міндетті.
Экологиялық залал келтірген тұлғаны әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту мұндай тұлғаны осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген азаматтық-құқықтық жауаптылықтан босатпайды.
2. Осы Кодекстің 137-бабының 4-тармағына сәйкес қалпына келтіру немесе ремедиациялау жөніндегі шараларды іске асыруға мемлекет атынан қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шеккен шығындарды өтеуді қоспағанда, келтірілген экологиялық залал үшін ақшалай өтемақы талап етуге немесе алуға ешкім де құқылы емес.
3. Жеке немесе заңды тұлғаны осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген жауаптылыққа тарту үшін бір мезгілде мынадай шарттардың болуы қажет:
1) әрекеттері немесе қызметі экологиялық залал келтірген нақты тұлғаны немесе тұлғаларды анықтау мүмкіндігі;
2) экологиялық залал мен осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың әрекеттері немесе қызметі арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау мүмкіндігі;
3) экологиялық залал анық айқындалған және өлшенетін болуға тиіс.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы бапқа сәйкес жауаптылыққа тартылуы мүмкін жеке және заңды тұлғаларға экологиялық залалды жою туралы талап қойып сотқа жүгінеді.
5. Егер салдарынан экологиялық залал келтірілген қызметті жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған тұлға тіршілік етуін тоқтатқан жағдайда, экологиялық залал келтіргені үшін жауаптылық аталған тұлғаның құқық мирасқорына жүктеледі.
6. І немесе ІІ санаттағы объектілерге жататын мүліктік кешендерді жекешелендіру кезінде жекешелендіруді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. I немесе II санаттағы объектілерге жататын мүліктік кешендерді жекешелендіру осындай І немесе ІІ санаттағы объектінің ықтимал әсер ету саласында орналасқан табиғи орта құрамдастарының жай-күйін жекешелендіру жоспарында көзделуге және мамандандырылған ұйымдарды (аккредиттелген зертханаларды) тарта отырып және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қатысуымен жүзеге асырылуға тиіс экологиялық залалдың болуы тұрғысынан міндетті тексеру нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Жекешелендіру алдындағы әрекет немесе қызмет салдарынан келтірілген экологиялық залал үшін жауаптылықты жекешелендіру объектісінің бұрынғы меншік иесі – мемлекет көтереді. Мұндай жағдайларда осындай экологиялық залалды жою жөніндегі міндетті жекешелендірілген мүліктің (объектінің) жаңа меншік иесіне бөліп беру немесе ауыстыру оның келісімімен ғана мүмкін болады.
7. Егер құқықтық мирасқорды анықтау мүмкін болмаған не ол тіршілік етуін тоқтатқан жағдайда, экологиялық залалды жою жөніндегі міндет экологиялық залал келтірілген кезде немесе, егер мұндай залал келтіру ұзақ сипатқа ие болса, экологиялық залал келтірген әрекет немесе қызмет аяқталған кезде, экологиялық залал келтірген тұлға тиісті әрекеттерді немесе қызметті жүзеге асырған жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушысы болған тұлғаға жүктеледі.
8. Егер осы баптың 5 және 7-тармақтарында көрсетілген тұлғаларды анықтау мүмкін болмаған немесе олар жұмысын тоқтатқан жағдайда, егер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган сотта мұндай меншік иесі немесе жер пайдаланушы көрсетілген жер учаскесіне құқықтарды алған кезде оған осы жер учаскесінде бұрын жүзеге асырылған әрекеттермен немесе қызметпен келтірілген экологиялық залалдың бар екені белгілі болғанын дәлелдесе, экологиялық залалды жою жөніндегі міндетті залал келтірген тұлға өз қызметін жүзеге асырған жер учаскесінің қазіргі меншік иесі немесе жер пайдаланушысы көтереді.
9. Экологиялық залал келтірілу фактісі анықталған кезден бастап үш жыл ішінде осы баптың 5, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген тұлғаларды анықтау мүмкін болмаған немесе олар болмаған кезде, экологиялық залалды жою жөніндегі міндет мемлекетке жүктеледі. Экологиялық залалды жою бойынша қажетті іс-шаралар жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті жергілікті атқарушы органы ұйымдастырады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Экологиялық кодексi 132-бап. Өндiрiстiк мониторингтiң түрлерi және оны жүргiзудi ұйымдастыру Азаматтық қорғау туралы 88-бап. Аварияны тергеп-тексеру бойынша шығыстар Пользователь movies ҚР Экологиялық кодексi 134-бап. Табиғат пайдаланушының iшкi тексерулердiұйымдастыруы ҚР Экологиялық кодексi 131-бап. Экологиялық залалРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей