Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 166 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.10.2026

ҚР Экологиялық кодексi
166-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің метеорологиялық, гидрологиялық мониторинг және қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы қызметі

1. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет мемлекеттік байқау желісін пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді, жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар, арнаулы мақсаттағы қызметтер көрсетеді, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы арнаулы ақпаратты береді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жұмыстарды жүзеге асырады. 

Жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар көрсетілетін қызметтер – халық пен мемлекеттің қауіпсіздігі, экономика мен әлеуметтік саланың орнықты жұмыс істеуі үшін маңызды мәні бар, мемлекеттік байқау желісін пайдалана отырып көрсетілетін метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы қызметтер. 

Арнаулы мақсаттағы көрсетілетін қызметтер – жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар көрсетілетін қызметтерге жатпайтын және мемлекеттік байқау желісінің деректерін немесе мониторинг түрлерін пайдалана отырып, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары бойынша көрсетілетін метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы қызметтер. 

Арнаулы ақпарат – жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар қызметтерге жатпайтын, арнаулы мақсаттағы қызметтер көрсету нәтижесінде немесе мемлекеттік байқау желісінің деректерін өңдеу, есептеу және талдау нәтижесінде алынатын нысаналы ақпарат. 

Метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жұмыстар – зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді қоса алғанда, гидрология, метеорология және экология саласында жаңа білім алуға әрі оны қолдануға және міндеттерді шешуге, оның ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде орындалатын гидрологиялық, метеорологиялық есептеулер бойынша жобалау жұмыстарын орындауға, қоршаған ортаға әсерді бағалауды жобалау жөніндегі жұмыстарды орындауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары. 

Метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жұмыстарды жүзеге асыру – жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар көрсетілетін қызметтерге жатпайтын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде орындалатын метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы көрсетілетін қызметтер. 

2. Метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг пен қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізуге технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін монополияға қарсы органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

3. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет бекітетін мемлекеттік байқау желісін пайдалана отырып, өз қызметін метеорологиялық, гидрологиялық мониторинг, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырады.  

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жалпымемлекеттік және халықаралық маңызы бар қызметтер көрсету бөлігінде метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі қызметті ұйымдастырады және мемлекеттік байқау желісінің қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекітеді. 

Метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг пен қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 

5. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, халықаралық ұйымдармен, шетелдік ұйымдармен және басқа мемлекеттердің гидрометеорологиялық қызметтерімен өзара іс-қимыл кезінде гидрологиялық, метеорологиялық қызмет және қоршаған орта жай-күйінің мониторингі саласындағы қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді. 

6. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің құрамына кіреді және өз қызметін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес төтенше жағдайлар туындаған кезде жүзеге асырады. 

Ескерту. 166-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 08.07.2026 № 340-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...164 165 166 166‑1 167 ...418

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться