Ст. 236 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
236-бап. Босалқы жерлердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
1. Босалқы жерлердi аймақтарға бөлу кезiнде жағымсыз өзгерiстер байқалған алаң және зерттелетiн аумақтағы тозу дәрежесi әртүрлi учаскелердi бөлудiң кеңiстiктегi әркелкiлiгi ескерiледi. 2. Экожүйелердің тозу жылдамдығы елу жылдық байқау қатары бойынша есептеледі. Экожүйенің тозу дәрежесін бағалау жерді бағалаудың экологиялық өлшемшарттарына сәйкес жүргізіледі.
3. Босалқы жерлер одан әрi пайдалану мақсатына қарай, жергілікті жерде өздері ауыстырылатын санаттағы жердің шекаралары белгiленгеннен кейiн ғана басқа санаттардағы жерлерге ауыстырылуы мүмкiн. Босалқы жерлер басқа санаттардағы жерлерге ауыстырылған кезде осы жер санатына қойылатын экологиялық талаптарға сәйкес жер учаскесiн таңдау алдын ала жүзеге асырылады.
4. Бүлінген жерлердi босалқы жерлер санатынан ауыстыру рекультивациялау және жердiң сапасы мен экологиялық жағдайды жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жүзеге асырылғаннан кейiн мүмкiн болады.
5. Бұрын ядролық қаруды сынау жүргiзiлген босалқы жерлер құрамындағы жер учаскелерi ядролық қаруды сынау зардаптарын жою жөнiндегi барлық iс-шаралар және мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары болған кезде кешендi экологиялық зерттеп-қарау аяқталғаннан кейiн ғана меншiкке немесе жер пайдалануға берiлуi мүмкiн.
6. Осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымға берілетін ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне қатысты қолданылмайды.
Ескерту. 236-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2023 № 17-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей