Ст. 286 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
286-бап. Көміртегі бюджеті
1. Көміртегі бюджеті деп көміртектік бюджеттеу кезеңіне Қазақстан Республикасының көміртегі балансы үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен белгіленген шекті жол берілетін көлем түсініледі. 2. Көміртектік бюджеттеу кезеңінде Қазақстан Республикасының көміртегі балансы осындай кезеңге қатысты белгіленген көміртегі бюджетінен аспауға тиіс.
3. Көміртектік бюджеттеу кезеңі қатарынан бес күнтізбелік жылды құрайды.
4. Көміртегі бюджеті квоталанатын және квоталанбайтын парниктік газдардың шығарылу көлемін айқындайды.
5. Көміртегі бюджетін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган көміртектік бюджеттеудің қатарынан болатын әрбір кезеңі үшін көміртектік бюджеттеудің тиісті кезеңі басталғанға дейін алты айдан кешіктірмей әзірлейді және бекітеді.
6. Көміртегі бюджеті Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ұлттық үлестерді сақтау қажеттігі ескеріле отырып:
1) 2021 жылдан бастап 2025 жыл аралығындағы көміртектік бюджеттеу кезеңі үшін 2021 жылға арналған көміртегі бюджеті 1990 жылғы көміртегі балансы деңгейінен кемінде 1,5 пайызға төмен болатындай, келесі жылдары – жыл сайын алдыңғы жылғы көміртегі бюджеті деңгейінен кемінде 1,5 пайызға қысқаратындай;
2) 2026 жылдан бастап 2030 жыл аралығындағы көміртектік бюджеттеу кезеңі үшін әрбір күнтізбелік жылға көміртегі бюджеті алдыңғы жылғы көміртегі бюджеті деңгейінен кемінде 1,5 пайызға қысқаратындай;
3) көміртектік бюджеттеудің одан кейінгі кезеңдері үшін әрбір күнтізбелік жылға көміртегі бюджеті 1990 жылғы көміртегі балансы деңгейінен кем дегенде он бес пайызға төмен болатындай етіп әзірленеді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?
Қайда шағымданасыз?
1) Мекеме басшысы мен бас есепшіге — жазбаша түрде
Негіз: 319-бап.
2) Мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) шағым
Негіз: 319, 320, 683-баптар (салық агентінің міндетін орындамау).
Жаза қолданатын орган — МКБ.
3) Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (егер мекеме мемлекеттік болса)
Негіз: бухгалтерлік есеп нормаларын бұзу.
Ақпарат үшін +77082675787, +77751122089
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей