Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 371 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

ҚР Экологиялық кодексi
371-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерін сыныптау

1. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттеріне радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму үшін пайдаланылатын табиғи (табиғаттық) немесе жасанды алаңдар, сыйымдылықтар немесе үй-жайлар жатады. 

2. Радиоактивті қалдықтарды көму пункттеріне осындай қалдықтар кейіннен алып кету ниетінсіз орналастырылатын пункттер жатады. 

3. Радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері: 

1) геологиялық барлау, тау-кен өндіру және тау-кен қайта өңдеу қызметі нәтижесіндегі құрамында басым түрде табиғи радионуклидтер бар; 

2) ядролық энергетика объектілерінен алынған, ядролық жарылыстар мен радиоизотопты өндіріс нәтижесіндегі құрамында басым түрде жасанды радионуклидтер бар радиоактивті қалдықтарды қабылдау бойынша бөлінеді. 

4. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттері радиоактивті қалдықтарды жинау алаңының ауқымы бойынша жергілікті және өңірлік болып бөлінеді. Жергіліктіге – бір объектінің немесе бір ауданның, ал өңірлікке екі және одан да көп объектінің және (немесе) ауданның қалдықтарын орналастыруға арналған пункттер жатады.
Статья 1 ...369 370 371 372 373 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?


Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться