Ст. 108 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы
ҚР Азаматтық кодексi
108-бап. Тұтыну кооперативі
1. Қатысушылардың материалдық және өзге қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп танылады.
Заңдарда көзделген жағдайларда тұтыну кооперативіне заңды тұлғалар кіре алады.
2. Тұтыну кооперативінің мүшелері жыл сайынғы баланс бекітілгеннен кейін пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай ішінде жабуға міндетті. Бұл міндеттерді орындамаған ретте кооператив несие берушілердің талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы мүмкін.
Тұтыну кооперативінің мүшелері оның міндеттемелері бойынша кооператив мүшелерінің қосымша төлемеген бөлігі шегінде жәрдем беру жөнінен ортақ жауапты болады.
3. Тұтыну кооперативінің жарғысында, осы Кодекстің 41-бабының 5-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа, кооператив мүшелері жарналарының мөлшері туралы; кооператив мүшелерінің құрамы мен жарна төлеу тәртібі және олардың жарна төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы; кооперативті басқару органдарының құрамы мен құзыреті және олардың шешімдер қабылдау, соның ішінде шешімі бірауыздан немесе білікті көпшілік дауыспен қабылданатын мәселелер жөнінде шешімдер қабылдау тәртібі туралы; кооператив мүшелерінің өздері шеккен залалдарды жабу тәртібі туралы ережелер болуға тиіс.
4. Тұтыну кооперативінің тапқан табыстарын оның мүшелері арасында бөлуге болмайды, олар жарғылық мақсаттарға беріледі.
5. Тұтыну кооперативі таратылған немесе кооператив мүшесі одан шыққан жағдайда ол тұтыну кооперативінің мүлкінен өз үлесін өз жарнасына қарай бөліп алуға құқылы.
Тұтыну кооперативінің мүшесі қайтыс болған жағдайда, егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерінің кооператив мүшелігіне қабылдануға бірінші кезекте құқығы болады. Соңғы жағдайда кооператив мұрагерлерге тұтыну кооперативінің мүлкінен оның қосқан жарнасына қарай үлесін төлейді.
6. Тұтыну кооперативінің құқықтық жағдайы, сондай-ақ оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері осы Кодекске сәйкес заңдарда белгіленеді.
7. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 373-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
8. Өзара сақтандыру қоғамдары - тұтыну кооперативтері қызметінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.
Ескерту. 108-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.03.02 211, 2006.07.05 № 164; 29.10.2015 № 373-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
Саламатсыздар, біз 2008 жылы Селолық тұтыну кооперативін (СТК) құрған болатынбыз, алайда қазіргі уақытта СТК атауы жойылып, Ауылшаруашылық өндіріс кооперативі (АШӨК) болып өзгерту керек деп жатыр. ЦОНға барсақ оның уақыты өтіп кеткен, өзгерте алмайсыздар деп жатыр, осының шешімі бар ма? Болмаса "СТК АШӨК-не өзгертілсін"- деген бұйрық не заңы бар ма? СТК-ның атында жері, мүлігі бар. ӨТІНІШ Сіздерден сұранарым осының шешімін берсеңіздер.
Рекомендованные страницы
ҚР Азаматтық кодексi 106-бап. Қоғамдық бiрлестiктер ҚР Азаматтық кодексi 105-бап. Мекеме ҚР Азаматтық кодексi 110-бап. Жеке кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгi ҚР Азаматтық кодексi 107-бап. Қор ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы туралы 15-бап. Ұлттық палатаны құру ерекшеліктеріРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей