Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 667 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2025

ҚР Салық кодексi
667-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түріндегі кірістерін салық салудан босатуға немесе оларға төмендетілген салықтық мөлшерлемені қолдануға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбі

1. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түрінде бейрезидентке кірістерді төлеу кезінде немесе сыйақылар және (немесе) роялти түрінде бейрезиденттің төленбеген кірістерін шегерімге жатқызу кезінде салық агенті халықаралық шартта көзделген салық салудан босатуды немесе төмендетілген салықтық мөлшерлемелерді дербес қолдануға мынадай:  

1) бейрезидент түпкілікті (нақты) кіріс алушы (иеленуші) болып табылуы; 

2) салық агентіне осы Кодекстің 666-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімде бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат ұсынылуы талаптары сақталған кезде құқылы. 

Осы бөлімнің мақсатында кірістерді түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) деп кірістерді иелену, пайдалану, оларға билік ету құқығы бар және осындай кіріске қатысты делдал, оның ішінде агент, номиналды ұстаушы болып табылмайтын тұлғаны түсінген жөн. 

Бұл ретте Қазақстан Республикасы көпжақты халықаралық шартпен өзгерістер енгізілген халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатын бейрезидент-өзара байланысты тарапқа дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түрінде кіріс төлеу кезінде салық агенті мынадай: 

мұндай кіріс бейрезидент резиденті болып табылатын шет мемлекеттегі бейрезиденттің салық салынатын кірісіне енгізілуге жататын және есепті кезеңде осындай кірісті салық салынатын кірістен алып тастау және (немесе) салық салынатын кірісті осындай кіріс сомасына азайту (түзету) және (немесе) осы салық салынатын кірістен төленген салықты есепті және (немесе) кейінгі кезеңдерде қайтару құқығынсыз салық салынуға жататын; 

бейрезидент резиденті болып табылатын шет мемлекетте осы кіріске салық салу кезінде қолданылатын номиналды салық мөлшерлемесі есепті кезеңде кемінде 15 пайызды құрайтын шарттар бір мезгілде орындалған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесін қолдануға құқылы. 

Осы тармақтың үшінші бөлігінің мақсаты үшін номиналды мөлшерлеме деп шет мемлекеттің салық заңнамасында белгіленген мөлшерлеме түсініледі. 

2. Түпкілікті (нақты) кірісті алушыға (иеленушіге) делдал арқылы сыйақы түрінде кірісті төлеу кезінде салық агенті бір мезгілде мынадай: 

1) оның негізінде сыйақы төленетін шартта (келісімшартта) делдал арқылы түпкілікті (нақты) сыйақы алушы (иеленуші) болып табылатын әрбір тұлға бойынша осындай тұлғаның деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғаның атауын); инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірін немесе оның аналогын (бар болған кезде); инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, сыйақы сомасы көрсетілген; 

2) салық агентіне осы Кодекстің 666-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімде алушы (иеленуші) болып табылатын бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат ұсынылған талаптар орындалған кезде осындай түпкілікті (нақты) кіріс алушы (иеленуші) резиденті болып табылатын мемлекетпен жасасқан халықаралық шартта көзделген, табыс салығынан босатуға немесе оның төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға құқылы. 

3. Салық агенті өзі тұрған жердегі салық органына төртінші тоқсанның салықтық есептілігін ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей түпкілікті (нақты) кіріс алушы (иеленуші) бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті. 

4. Салық агенті халықаралық шарттың ережелерін қолданбаған жағдайда салық агенті осы Кодекстің 645-бабында айқындалған тәртіппен төлем көзінен табыс салығын ұстап қалуға міндетті. 

Ұстап қалған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 647-бабында белгіленген мерзімде бюджетке аударылуға жатады. 

5. Салық агенті түпкілікті (нақты) кіріс алушы (иеленуші) бейрезидент кірісінің төлем көзінен ұстап қалған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда оның халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес төлем көзінен артық ұстап қалған табыс салығын осындай бейрезидентке қайтаруға құқығы бар. Артық ұстап қалған табыс салығын бейрезидентке қайтаруды салық агенті жүргізеді. 

Бұл ретте түпкілікті (нақты) кіріс алушы (иеленуші) бейрезидент салық агентіне: 

1) делдалмен жасасқан, мұндай тұлғаның деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғаның атауын, инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірін немесе оның аналогын (бар болған кезде), инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелу нөмірін немесе оның аналогын (бар болған кезде) көрсете отырып, мұндай бейрезиденттің сыйақы сомасы көрсетілген шарттың (келісімшарттың) нотариат куәландырған көшірмесін; 

2) осындай бейрезидентке сыйақы түрінде кіріс есепке жазылған кезең үшін бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты ұсынуға міндетті. 

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзімдер белгіленбесе, бейрезидент бюджетке төлем көзінен ұстап қаллған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін ұсынады. 

6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес бейрезидентке ұстап қалған табыс салығы қайтарылған жағдайда салық агенті өзінің тұрған жеріндегі салық органына түпкілікті (нақты) кіріс алушы (иеленуші) бейрезиденттің сыйақы түрінде кірістерінен табыс салығын ұстап қалу және аудару жүргізілген салықтық кезеңге төмендетілген салықтық мөлшерлемені немесе салық салудан босату қолданылған кездегі азайтылған сомаға төлем көзінен ұстап қалатын табыс салығы бойынша қосымша есеп-қисапты ұсынуға құқылы. 

Көрсетілген жағдайда төлем көзінен ұстап қалған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентінің есебіне жатқызу осы Кодекстің 102-бабында айқындалған тәртіппен жүргізіледі. 

Ескерту. 667-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...665 666 667 668 669 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый день, подскажите пожалуйста, в 2022 году встала в очередь на жилье с двумя детьми, как неполная семья. Очередь не дождалась, взяла кредит и в 2024 году приобрела жильё. Снимут ли меня с очереди?


Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда


И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо


Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка


Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться