Ст. 421 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
421-бап. Тауарлардың түр-түрi туралы шарт талаптарын бұзудың салдары
1. Сатушы шартта көзделген тауарлардың түр-түрiн шартқа сәйкес келмейтiн етiп берген кезде сатып алушы оларды қабылдаудан және ақы төлеуден бас тартуға, ал егер оларға ақы төленіп қойған болса, төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы. 2. Егер сатушы сатып алушыға түр-түрi шартқа сәйкес келетiн тауарлармен қатар, олардың түр-түрi туралы шарттың талаптарын бұза отырып тауарлар берсе сатып алушы өз қалауы бойынша:
1) түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келетiн тауарларды қабылдап, қалған тауарлардан бас тартуға;
2) берiлген барлық тауарлардан бас тартуға;
3) түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды шартта көзделген түр-түрiндегi тауарлармен алмастыруды талап етуге;
4) берiлген барлық тауарларды қабылдап алуға құқылы.
3. Түр-түрі шарттың талаптарына сәйкес келмейтін тауарлардан бас тартқан немесе түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды алмастыру жөнiнде талап қойған жағдайда сатып алушы бұл тауарларға ақы төлеуден бас тартуға да, ал егер ақы төленіп қойған болса, төленген соманың қайтарылуын талап етуге құқылы.
4. Егер сатып алушы түр-түрi туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды алғаннан кейiн он бес күн мерзiмде өзiнiң тауарлардан бас тартатынын сатушыға хабарламаса, олар қабылданған болып есептеледi.
5. Егер сатып алушы түр-түрi шартқа сәйкес келмейтiн тауарлардан бас тартпаса, оларға сатушымен келiсiлген баға бойынша ақы төлеуге мiндеттi. Сатушы бағаны он бес күн мерзiмде келiсу жөнiнде қажеттi шаралар қолданбаған жағдайда, сатып алушы тауарға шарт жасалған кезде әдетте сол сияқты мән-жайларда ұқсас тауарлар үшiн алынатын баға бойынша ақы төлейдi.
6. Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, осы баптың ережелерi қолданылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 896-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының ұғымы Неке және отбасы туралы 172-бап. Тууды тiркеу тәртiбi Неке және отбасы туралы 181-бап. Некеге тұратын адамдардың арыздарын қабылдау Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы 51-бап. Иеліктен айырылатын үлесті сатып алуға басымдық берілетін құқық Неке және отбасы туралы 189-бап. Некенiң бұзылуы туралы куәлiк беруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей